Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовке!
Арқалық қаласының әкімі Қайрат Әбішевке!
Елдегі тараған індеттің алдын алу мақсатында биылғы жылу беру маусымын 2020 жылдың 1 қазанына дейін тұрғын үйлерге беруді талап етеміз.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 2 бөлімі 29/1-бабына сәйкес
әр азамат өзінің денсаулығын сақтауға құқылы.
Жыл сайын жылу маусымы ресми түрде қазан айының 1-не делінеді, бірақ тұрғын үйлерге жеткенше 25 қазан болады.
Бұл проблеманы тек Арқалық қаласының бейшара тұрғындары ғана бастан кешеді. Еліміздің басқа қалаларында жылу маусымы уақытылы беріледі.
Қазіргі уақытта қаламыздың әр түрғынына — балабақша бүлдіршінінен зейнеттегі қарияларға дейін салқын үйде, мекемелерде вирустық инфекцияларға шалдығу қаупі төніп тұр.
2-11 сынып оқушылары, барлық студенттер салқын үйде тоңып, компьютер/ телефонына күн ұзаққа қадалып, қашықтан білім алып жатыр;
Баспананың жылылығы — адамның физикалық, рухани денсаулығының, үйдегі берекенің кепілі.
«Халық қаласа, хан түйесін сояды» деген дана халқымыз, бұл халықтың мұң мұқтажына Nur Otan партиясы да халықпен бірге болып мәселеге бейжай қарамайды деген үміттеміз. Осы мәселеге Праймеризге қатысушы үміткерлер де атсалысса дейміз.
P.S. Белгіленген ережелер бойынша тәуліктік орташа температура 3 күн қатарынан +10″С болған жағдайда қалаларда жылу берілуге рұқсат етіледі.
Соңғы ақпаратқа сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласына 24.09.2020 ж. жылу беруді бастады.
Арқалық қаласының бір топ тұрғыны
Редакциядан: Бұған дейін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай облысы жылыту маусымына дайын деп мәлімдеген болатын.