«Өңірлердің қажеттіліктерін ескеру қажет»: Мұхамбетов 26 санитарлық автокөлік кілтін табыстады

Бүгін Қостанай қаласында облыс әкімі 26 санитарлық автокөліктің кілтін табыстады. Бұл туралы Архимед Мұхамбетов өзінің инстаграм парақшасында жазды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. 

Әрбір көлік облыс халқына шұғыл медициналық көмек көрсету үшін заманауи жабдықтармен жабдықталған, оған дефибриллятор аппараты, пациенттің тыныс-тіршілігін бақылауға арналған монитор, оттегі қоры жоғары ӨЖЖ аппараты, ЭКГ аппараты, аспиратор кіреді.
Облыс әкімі автокөліктерді бөлгенде өңірлердің қажеттіліктерін ескеруді тапсырды.


Архимед Мұхамбетов бұдан әрі жаңа жұқпалы аурулар ауруханасына барды.


Сапар барысында Денсаулық сақтау басқармасының басшысы В.Ю. Дудниктің баяндамасын тыңдады.
«Жаңа толқынға дайындық шеңберінде 200 кереуеттік жаңа инфекциялық орталықтың, оның ішінде 20 реанимациялық және қарқынды терапияның құрылысы аяқталуда. Аурухана ғимараты 8 блоктан тұрады» деп жазды аймақ басшысы.


Оның сөзіне қарағанда, 79 ӨЖЖ аппараты сатып алынған және жеткізілген, тағы 85 отандық өндіріс аппаратын сатып алу жоспарлануда. Сонымен бірге 267 ӨЖЖ аппараты бар.


«Сондай-ақ 110 санитарлық автокөлік сатып алынды, жедел жәрдем қызметі үшін отандық өндірістің 50 реанимобилін жеткізу басталды. Орталық жоғары технологиялық медициналық және зертханалық жабдықтармен жабдықталған.
Жұқпалы аурулар ауруханасы қабылдауды 10 қазанда бастайды» деді Мұхамбетов.

Қазіргі уақытта қажетті медициналық жабдықтар орнатылуда.
Облыс басшысы жоспарланған барлық жұмысты жедел түрде аяқтауды тапсырды.

 

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...