PRIMARIES: «Мен өз таңдауымды жасадым» — Архимед Мұхамбетов

Бүгін Nur Otan партиясы праймеризінің дауыс беру кезеңі басталды.
17 қыркүйектен бастап Қостанай облысы бойынша партияішілік сайлауға 800 адам қатысуда. 7 қыркүйектен әрбір кандидат ауқымды үгіт-насихат жұмысын жүргізуде. БПҰ мүшелерімен кездесіп, шағым мен ұсыныстар жинап, жария пікірталастарға қатысты. Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өзінің instagram парақшасында жазды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. 

«Ал 1-3 қазан аралығында мобильді қосымша және арнайы веб-портал primaries.kz арқылы электронды дауыс беруді өткізу жоспарланып отыр. Дауыс берудің соңғы күні, 3 қазан күні бас­тауыш партия ұйымдарының базасында сайлау учаскелері ашылады. Интернет желісі жоқ елді мекен тұрғындары сайлау учаскелеріне келіп, қағаз бюл­летеньдер арқылы дауыс беруі­не болады.
Мен веб-портал арқылы өз таңдауымды жасадым» деп жазды аймақ басшысы.

Сондай-ақ ол Nur Otan партиясының барлық мүшелерін саналы таңдау жасауға және лайықты кандидатқа дауыс беруге шақырды.

 

Мынаны да қараңыз

«Нурикамал» әнінің шығу тарихы туралы

Біздің қоғам қызық қоғам, бүк не шік дейді, орысша айтқанда «золотая середина» дегенді қабылдай алмайды. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *