Карантин режимін бұзғандар жауапқа тартылады — Архимед Мұхамбетов

Қостанай облысында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша жедел штаб отырысы өткізілді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиында карантин шектеуін сақтау мәселесі қарастырылды. Мониторинг топтары өткен аптада 1 173 нысанды тексерген. Оның ішінде 49 нысан карантин шектеуін сақтамай, ережені бұзған.

«Енгізілген шектеулерге қарамастан, облыс тұрғындары жаппай бұқаралық іс-шаралар өткізіп жатыр. Бұған қоса бизнес өкілдерінің карантин талаптарын сақтамау фактілері бар екенін атап өткім келеді. Бекітілген шектеулерді орындау бойынша мониторинг топтарының жұмысы жалғасады. Сонымен қатар карантин режимін бұзғандар бірден жауапқа тартылады. Мұны жеке бақылауыма аламын», — деді жиында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.

Аймақ басшысы мониторинг топтарының жұмысын күшейтуді, сондай-ақ карантин ережесін бұзғандарды әкімшілік жазаға тартуды тапсырды.

 

фото liter.kz 

 

Мынаны да қараңыз

Қостанайда бірінші сыныпқа барған баланың 71% орыс тілінде оқуды таңдаған

Қостанайда бірінші сыныпқа барған балалардың 71%-ы орыс тілінде оқуды таңдаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Бұл туралы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *