27.12.2020

Коронавирус: Қостанай облысы «қызыл» аймаққа кірді

Қазақстан аймақтарындағы 27 желтоқсандағы эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат жарияланды деп хабарлады tobyl-torgai.kz. «Қызыл» аймаққа Атырау, Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстары кірді. «Сары» аймаққа Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Солтүстік Қазақстан облысы енді. Қалған облыстар «жасыл» аймақта. Еске сала кетейік, еліміз бойынша өткен тәулікте 776 адам вирус жұқтырған. Сондай-ақ елімізде өткен тәулікте 1302 адам коронавирустан емделіп шықты.   фото: «Костанайские новости»

Толығырақ »