Ыбырай Алтынсарин – ұлы тұлға. Ол қиын да ауыр кезде өмір сүрді. Бірақ артына мәңгілік өшпес із қалдырды. Оның еңбегі зерттеліп, көп жай анықталды. Зерттеушілер Ә.Дербісалин, Б.Кенжебаев, Б.Сүлейменов, Б.Ысқақов, Ә.Сыдықов көп еңбек жасады. Дегенмен ұлы адамның жеке басына байланысты анықталмаған жайлар әлі де баршылық. Қазіргі зерттеушілер «Алаш» қайраткерлерінің Алтынсарин туралы жазған еңбектеріне әлі терең боламай жүр. Сол зерттеушілердің қатарында Ә.Бөкейхан, ...
Толығырақ »Monthly Archives: қаңтар 2021
Малын іздеуге шыққан Арқалық тұрғыны адасып кеткен
Аязды күні мал іздеуге шыққан Арқалық қаласының тұрғыны адасып кеткен, деп хабарлады tobyl-torgai.kz, облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 57 жастағы Арқалық қаласына қарасты Аққошқар ауылының тұрғыны Жарқынбек Сүлеймен полицейлер мен ТЖ бөлімінің қызметкерлеріне алғыс хат жолдады. Оның айтуынша, тәртіп сақшылары қиын сәтте көмекке келіп, өмірін аман сақтап қалған. «Жарқынбек Сүлеймен «снегоходын» мініп, жоғалып кеткен малын іздеуге Жезқазған қаласына қарай ...
Толығырақ »Қостанай облысында бірнеше аудан жолдары жөнделеді
Қостанай облысында облыстық маңызы бар жолдарды жөндеуге 1,2 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады tobyl-torgai.kz. Бұл туралы облыс әкімдігінің Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Гүлбарам Мұсағазина айтты. Оның айтуынша, 2020 жылғы бюджеттің кіріс бөлігін асыра орындау нәтижесінде облыстық бюджет қайта бөлінді. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына 1, 2 млрд теңге берілмек. «Бұл қаржы Амангелді, Денисов, Жангелдин, Қарабалық, Науырзым аудандарындағы автомобиль ...
Толығырақ »«14 млн теңге»: Қостанайда пара алған Білім басқармасының қызметкері 10 жылға сотталды (ВИДЕО)
14 млн теңгені қалтасына басқан Қостанай облысы Білім басқармасының қызметкері 10 жылға сотталды, деп хабарлады tobyl-torgai.kz, ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Қылмыстық істің мән-жайын журналистерге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі облыстық департаментінің басшысы Қуаныш Бекбасов айтып берген. «Облыстық Білім басқармасы бөлім басшысының орынбасары Шугаев сот шешімімен аса ірі мөлшерде пара беруге итермелегені және алдағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол «ALANSinc» ЖШС-нің 34 565 ...
Толығырақ »Қостанай облысында лауазымды 14 шенеунік жауапқа тартылды
Қостанай облысында тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметкерлердің көбі басшылық лауазымдарды атқарады, деп хабарлады tobyl-torgai.kz, ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Бұл туралы брифингте Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Асхат Ескендіров айтты. 2020 жылы мемлекеттік қызметшілердің 50 пайызға жуығы тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жауапқа тартылды. Олардың дені ескерту алса, тағы бірнеше қызметкерге қатаң сөгіс беріліп, жұмысынан ...
Толығырақ »Қостанайда 23 тонна жанармайды заңсыз тасымалдаған тұрғын сотталды
Қостанай облысында 23 мың литр жанар-жағармай материалдарын тасымалдау фактісінің жолы кесілді, деп хабарлады tobyl-torgai.kz. ҚМ Қаржы мониторингі комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері «BARRELL» жедел алдын алу шарасы аясында облыс аумағында тиісті ілеспе құжатсыз жалпы көлемі 23 мың литр болатын жанар-жағармай материалдарын заңсыз сатып алу және тасымалдау дерегінің жолын кескен. Бұл факт бойынша ҚР ҚК 197-бабының ...
Толығырақ »«Ақшаны төлегісі келмейді»: Арқалық құс фабрикасы Ауыл шаруашылығы министрлігін сотқа берді
Талап етуші жақ құс тұмауынан қырылған тауықтары үшін өтемақы толық берілген жоқ дейді. Бұл туралы tobyl-torgai.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап хабарлады. Кәсіп иелері қосымша 200 миллион теңге сұрап отыр. Үш айдан бері тоқтап тұрған құс фабрикасына жақында тауық балапандарының алғашқы легі әкелінді. Бірер күн бұрын жеткізілген 58 мың балапан қаңырап бос қалған қораларға жан бітіргендей. Бұған, әсіресе, бригадир Саяділ Сарқытбай дән риза. Бүкіл құстары ...
Толығырақ »Алтын қолды абзал адам
Марат аға! Бұл сәби күннен санада сақталған, жүректе жатталған, аса құрметпен аталар есім еді. Марат ағаның отпускіге келуі – Көкалат үшін тосын мереке іспетті еді. Елдің бәрі сыйлы мейманды қонаққа шақыруға кезекке тұрар еді. Апам әулеттің қыздарының ауылдағы үлкені болғасын, алдыңғы кезек біздің үйге тиер еді. Сол күні тәтелерім үйдің кішкентайы мені жуындырып, киіндіріп, жұтындырып қояр еді. Әдетте өзіне меншіктеп, ...
Толығырақ »«Қызыл аймақта»: Қостанай облысында коронавирус өршіп тұр
Коронавирусты таратпау бойынша ВАК-да Қазақстандағы «жасыл», «сары» және «қызыл» аймақтарға қандай өңірлер кіргені туралы мәлімдеді, деп хабарлады tobyl-torgai.kz. 2021 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймақта Ақмола, Қостанай облыстары орналасқан. Ал Нұр-Cұлтан, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары «сары аймаққа» кірді. Қалған барлық өңірлер «жасыл» аймақта.
Толығырақ »Жангелдин ауданы Қызбел ауылында қуанышты оқиға
Қостанай облысы Жангелдин ауданы Қызбел ауылында ұзақ жылдар бойы күткен ұялы байланыс құралы іске қосылды, деп хабарлады tobyl-torgai.kz сайты. Өткен жылдың соңында Алматы қаласының АЖИО компаниясы ауылға Beeline ұялы байланысын орнатқан. Соның арқасында ауыл тұрғындарын 3G интернетімен қамту мүмкіндігі туып отыр. Ауыл әкімі Қайсар Сұлтанбекұлы Нұрғазин осы бір игілікті істің орындалуына ықпал еткен азаматтарға ауыл тұрғындары атынан алғыс айтып, ризашылығын білдірді. ...
Толығырақ »