Қостанай облысында 23 мың литр жанар-жағармай материалдарын тасымалдау фактісінің жолы кесілді, деп хабарлады tobyl-torgai.kz.
ҚМ Қаржы мониторингі комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері «BARRELL» жедел алдын алу шарасы аясында облыс аумағында тиісті ілеспе құжатсыз жалпы көлемі 23 мың литр болатын жанар-жағармай материалдарын заңсыз сатып алу және тасымалдау дерегінің жолын кескен. Бұл факт бойынша ҚР ҚК 197-бабының 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Мамандардың қорытындысына сәйкес шығын 4,3 млн теңгені құрады. Қостанай қаласы №2 сотының үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 1 жыл 6 ай бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Тәркіленген 23 тонна дизель отыны мемлекет кірісіне алынды.
фото: дереккөз