Tag Archives: Тұрғын

Қостанай тұрғыны екі жастағы баласының өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр

Қостанайда ауруханада көз жұмған екі жастағы сәбидің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, кешенді сараптама тағайындалды. Қала тұрғыны Мақпал Баймұхаметова баласының өліміне дәрігерлерді кінәлайды, деп хабарлайды Астана телеарнасы. Былтыр желтоқсан айында екі жастағы Асан ларингит ауруымен облыстық ауруханаға жеткізілген.Бір тәуліктің ішінде бүлдіршіннің тамағындағы дерт, өкпе қабынуына ұласады да беймәлім жағдайда жан тапсырады. Медициналық және фармацевтикалық бақылау мекемесінің тексеріс нәтижесімен келіспейміз.Өйткені олар қызметкерлердің түсініктемелері ...

Толығырақ »

Қостанайлық әйел қала әкімінен 14 млн теңгедей қаражат өндіріп алды

Қостанайда 14 млн теңгеге жуық ақша төлеуге міндеттелген әйел қала әкімі мен сәулет және қала құрылысы бөлімін сотқа беріп, тиісті қаражатты өндіріп алған, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Қостанай облыстық сотының ресми сайтына сілтеме жасап. Бұл ретте Қостанай облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына азамат Ш. Қостанай қаласының әкіміне, «Қостанай қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-не төтенше жағдай салдарынан бұзылған тұрғын ...

Толығырақ »

Қостанайда науқас ет дүкендерінің біріне барып, салмағын өлшеуге мәжбүр болған

Қостанайда тұратын Никита Журавлев есімді науқас жігіт қаладағы ет дүкендерінің біріне барып, салмағын өлшеуге мәжбүр болған. Өйткені, Қостанай қаласының емханаларында салмағы ауыр адамдарды өлшейтін таразы болмай шыққан, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап. Айта кетейік, Қостанай қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті 20 223 810 000 теңгені құрайды. Қостанай тұрғыны Никита Журавлев сирек кездесетін генетикалық ауруға, дәлірек айтсақ, Дюшен ...

Толығырақ »

Аманқарағай тұрғыны 20 жыл бойы құжатсыз жүрген

Қостанай облысының тұрғыны 20 жыл бойы құжатсыз жүрген, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Аманқарағай кентінің 46 жастағы тұрғыны Павел Томашевич Әулиекөл ауданының полиция бөлімі басшылығының атына алғыс айтты. Осы уақытқа дейін ер адам Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарынсыз тұрып келген. Бұл жұмысқа орналасуды қиындатып, басқа да өмірлік жағдайларға әсер еткен. Павел Томашевич ауданның көші-қон қызметіне жүгінген. Онда ...

Толығырақ »

Рудныйда қос азаматтығы бар тұрғын жазаға тартылды

Рудныйлық әйел қос азаматтығы үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.  Рудный қаласында тұратын 56 жастағы әйел 10 жылдан астам уақыт көші-қон саласындағы заңнаманы бұзып келген. Екі елдің азаматтығы бар әйел енді 600 мың теңгеден астам айыппұл төлеуі тиіс. Қос азаматтыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бүгінгі күні өзекті болып отыр. Қостанай облысының аумағында көптеген фактілер анықталуда. Рудный қаласының әкімшілік істер ...

Толығырақ »

Қостанайлық мүгедек азаматты Шымкентте қайыр сұрауға мәжбүрлеген

Шымкентте екінші топтағы мүгедектігі бар қостанайлық азамат  қайыр сұрауға мәжбүр болған. Еріктілер оны бір күн бұрын полицейлердің көмегімен құтқарып қалды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz inbusiness.kz порталына сілтеме жасап. Қостанайда 18 маусымда Алтынсарин-Шевченко қиылысына жақын жерде 66 жастағы Владимир Волк жоғалып кеткен. Куәгерлердің айтуынша, оны екі әйел көлікке отырғызған. Shymkent_lider.kz еріктілерінің айтуынша, оны Шымкентке әкеліп, қайыр сұрауға мәжбүрлеген. Оқиға куәгерлері еріктілерге «Жоғарғы базар» ауданында осындай мүгедектер ...

Толығырақ »

Қостанайда «мәжбүрлі вакциналауға қарсы» митингіге шақырған ер адам қамауға алынды

Сот Қостанай тұрғынын Telegram-да рұқсат етілмеген митингіге адам шақырғаны үшін айыптады. Алайда ер адамның өзі телефонында мессенджер орнатылмағанын және әкімдікке басқа мәселе бойынша митинг туралы хабарлама бергенін айтты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, «Новая газета» басылымына сілтеме жасап.  Қостанайдың мамандандырылған әкімшілік соты 5 шілдеде Сергей Зинченконы ӘҚБтК-нің 488-бабы 7-бөлігі «Бейбіт жиналысты ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнаманы бұзу» бойынша әкімшілік жауапқа тарту ...

Толығырақ »

Малын іздеуге шыққан Арқалық тұрғыны адасып кеткен

Аязды күні мал іздеуге шыққан Арқалық қаласының тұрғыны адасып кеткен, деп хабарлады tobyl-torgai.kz, облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  57 жастағы Арқалық қаласына қарасты Аққошқар ауылының тұрғыны Жарқынбек Сүлеймен полицейлер мен ТЖ бөлімінің қызметкерлеріне алғыс хат жолдады. Оның айтуынша, тәртіп сақшылары қиын сәтте көмекке келіп, өмірін аман сақтап қалған. «Жарқынбек Сүлеймен «снегоходын» мініп, жоғалып кеткен малын іздеуге Жезқазған қаласына қарай ...

Толығырақ »

Қостанайда 23 тонна жанармайды заңсыз тасымалдаған тұрғын сотталды

Қостанай облысында 23 мың литр жанар-жағармай материалдарын тасымалдау фактісінің жолы кесілді, деп хабарлады tobyl-torgai.kz. ҚМ Қаржы мониторингі комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері «BARRELL» жедел алдын алу шарасы аясында облыс аумағында тиісті ілеспе құжатсыз жалпы көлемі 23 мың литр болатын жанар-жағармай материалдарын заңсыз сатып алу және тасымалдау дерегінің жолын кескен. Бұл факт бойынша ҚР ҚК 197-бабының ...

Толығырақ »