Қостанайда автобус жүргізушілері ереуілге шықты (ВИДЕО)

Қостанай тұрғындары WhatsApp-та белсенді түрде бір топ жергілікті қоғамдық көлік жүргізушісі бірқатар шағымға байланысты 8 ақпанда жұмысқа шықпауға уәде бергені түсірілген видеоны таратып жатыр, деп хабарлады tobyl-torgai.kz, «Наша газета» басылымына сілтеме жасап. 

Жүргізушілер видеоны қостанайлықтардан кешірім сұрап бастады, содан кейін талаптарын — өздеріне лайықты жалақы белгілеуді, жұмыс істемейтін валидатор мен кондуктордың функцияларына жауапкершілікті алып тастауды айтты.

Қолма-қол ақшамен жүру бағасының өсуі де жүргізушілерге әсер еткен.

«150 теңге — қаламыздың көптеген тұрғыны, студенттер, жастар, қарапайым жұмысшы табы үшін ауыр сома деп санаймыз», — деді ер адамдардың бірі.

Сондай-ақ, жиналғандар жүргізуші айнадан жолаушының шығып бара жатқанын байқамай, есіктермен қысып қалуы мүмкін деген уәжбен автобустың алдыңғы есігінен кіріп, артқы жағынан шығуды тоқтатуды талап етті.

«Қостанай қаласының тұрғындарынан қолайсыздықтар үшін шын жүректен кешірім сұраймыз! Бізді түсініңіздер, кешіріңіздер және қолдаңыздар! Қазіргі уақытта сіздердің қолдауларыңызға өте мұқтажбыз», — дейді видеодағылар.

Бұған дейін мессенджерде аудио хабарлама тараған, онда ер адам автобус жүргізушілері 8 ақпанда жұмысқа шықпайтынын хабарлады. Содан кейін журналистер әкімдік өкілдерінен бұл жағдайда не істейтіндерін сұрады.

«Жүргізушілердің ереуілге шығатынына қатысты ақпарат бізде де бар. 8 ақпандағы жүргізушілердің ереуілі — үлкен мәселе. Біріншіден, біз тендерді жеңіп алған заңды тұлғалармен жұмыс істейміз. Шартқа сәйкес, олардың автобустары желіге шығуға міндетті. Егер осындай жағдайлар орын алса, онда бізде конкурстық құжаттама, жолаушылар тасымалы туралы шарт бар, барлығын заң аясында жасаймыз», — деп мәлімдеді Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Әнуарбек Қасымов.

9 ақпаннан бастап Қостанайда қоғамдық көліктерде халықтың негізгі бөлігі үшін сараланған тариф жұмыс істей бастайды. Жеңілдікті санаттар үшін қолданыстағы режим 1 сәуірге дейін ұзартылды. Осылайша барлығы әлеуметтік карталарды ала алады.

Мынаны да қараңыз

Арқалықта жасөспірім екі қызға оқ жаудырған

Арқалықта пневматикалық мылтықтан екі қыз жарақат алды. Полицейлер оқ атқан күдіктіні анықтады, ол 15 жастағы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *