Бибігүл Аққожина Nur Otan-ның филиал төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды

Nur Otan партиясы аймақтық Саяси кеңестің бюросы бүгін партияның Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалған Аққожина Бибігүл Бүркітқызын таныстырды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. 
Бибігүл Аққожина 1971 жылы туған. Қостанай мемлекеттік университетін психология пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Әр жылдары Қостанай облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының талдау және мониторинг бөлімінің басшысы, басқарма басшысының орынбасары,  Қостанай қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. Осыған дейін Қостанай облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымында болды.

Айта кетейік, бұған дейін Nur Otan-ның облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары қызметінде болған Эльдар Күзенбаев Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалған еді.

 

фото: ашық дереккөз

Мынаны да қараңыз

Құмар Ақсақалов ертең Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сапар барысында ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *