Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтеді?

Биыл шілде айының соңғы 10 күні ішінде ауыл әкімдерін сайлауы өтуі тиіс деп хабарлады tobyl-torgai.kz, ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Ұлттық экономика министрлігінің ақпаратына қарағанда, сайлау 2021 жылдың тамыз айынан бастап өкілеттігі аяқталатын әкімдерге қатысты болады. Бұл ретте сайлау 40 күн бұрын жарияланады. Ал сайлаудың өзі іс басындағы әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін 10 күн бұрын өтеді.

«Осылайша, алғашқы тікелей сайлау осы жылдың шілде айының соңғы онкүндігінде өтуі тиіс. Бұл ретте кандидаттарды ұсыну сайлау жарияланғаннан кейін келесі күні басталады және сайлау өткізілетін күнге дейін 15 күн бұрын аяқталады. Яғни ұзарту мерзімінің ұзақтығы 14 күнге дейін жетуі мүмкін. Осы уақыт ішінде кандидат тіркеуге қажетті құжаттарды жинаумен айналысады», — деп мәлімдеді министрлік өкілдері.

Кандидаттарды тіркеу сайлау күнінен 10 күн бұрын аяқталады. Осы кезеңде аумақтық сайлау комиссиясы ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді. Сайлау күнінің алдындағы соңғы онкүндікте үгіт-насихат іс-шаралары, тіркелген кандидаттар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар және сайлауға дайындық жүзеге асырылады.

«Сайлау өткізілгеннен кейін үш күн ішінде қорытынды шығарылады, жеті күн ішінде сайланған әкімді тіркеу жүзеге асырылады. Бұл ретте сайланған әкімнің өкілеттігі оны тиісті аумақтық сайлау комиссиясы тіркеген кезден басталады», — деп түсіндіреді ведомстводан.

 

 

Мынаны да қараңыз

Көшбасшы: Қостанай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 150 пайызға көбейген

Қостанай облысы Қазақстандағы жол-көлік оқиғалары (ЖКО) санының өсімі бойынша көш бастап тұр, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *