Monthly Archives: маусым 2021

Қостанайда 155 волонтёр билік уәде еткен өтемақыны ала алмай жүр

Олар қыс бойы қарттар мен мұқтаж жандар үйін қардан тазалап, басқа да шаруасына көмек берген, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.  «Әлеуметтік студенттік кредит» жобасы шеңберінде әрқайсысына 20 мыңнан 50 мың теңгеге дейін төленуі тиіс еді. Бірақ уәде етілген сома сегіз айдан бері әлі жоқ. Бұған Білім және ғылым министрлігінің өтемақы төлеудің тиянақты механизмін әзірлемеуі себеп болған. Студенттерді ...

Толығырақ »

Маусымда Амангелді ауданында қатты құрғақшылық болады

Синоптиктердің болжауынша, маусым айында құрғақшылық болуы мүмкін деп хабарлайды tobyl-torgai.kz «Қазгидромет» РМК мамандары Қазақстан территориясының басым аумағындағы ылғалдылық статистикалық болжамына сәйкес, маусым айында ылғал жеткіліксіз болады деп болжайды. «Ақмола (Жақсын ауданы), Ақтөбе (Әйтеке би, Хромтау аудандары), ШҚО (Бесқарағай ауданы) және Маңғыстау облысында (Қарақия ауданы) қатты құрғақшылық күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында және Қостанай облысының Амангелді ауданында қатты құрғақшылық болады деп болжанады», — деп ...

Толығырақ »

Қостанайдың қақ ортасында әйел адамды өлтіріп кетті

Қостанайдың орталық көшелерінің бірінде адам өлімі болды, күдікті ұсталды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. «Бүгін 19:00-де полиция қызметкерлері әйел адамның өліміне күдікті Қостанай қаласының 37 жастағы тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта марқұмның кім екені анықталып жатыр», деп хабарлады ведомство. Қылмыс Баймағамбетов көшесінде жасалған. ҚР ҚК 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстың себептері ...

Толығырақ »

Амангелді ауданының тұрғынынан 100-ге жуық ақбөкен мүйізі табылды

Қостанай облысы Амангелді ауданының 46 жастағы тұрғынынан 96 ақбөкен мүйізі табылды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  «Тәртіп сақшылары ер адамның сөмкесінен ақбөкеннің 96 мүйізін тапты. Тәркіленген заттың салмағы 15 келіден асты», –  делінген бүгін таратылған хабарламада. Факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы (сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлермен, сондай-ақ тыйым салынған өсімдік немесе ...

Толығырақ »

Қостанайда «Беларус» тракторлары өндіріледі

Қостанай облысына Беларус Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі П.В.Утюпин және «Минск трактор зауыты» ААҚ бас директоры В.М.Вовк бастаған Беларусь Республикасынан делегациясы келді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өзінің instagram-парақшасында жазды. Әкімнің мәлімдеуінше, Минск трактор зауытымен ынтымақтастықта «Композит Групп Казахстан» ЖШС алаңдарында «Беларус» тракторлары өндіріледі. Бұл ретте «Беларус» маркалы тракторларға арналған компоненттер өндірісін жолға қою жолымен өндірісті ...

Толығырақ »

Қостанайда аутизмі бар балаларға арналған орталық ашылады

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов аутизм және басқа да менталды бұзылыстары бар балаларға арналған орталықтың жөндеу жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  Бұл туралы аймақ басшысы өзінің Instagram-парақшасында жазды. Ауданы 2 мың шаршы метрден асатын ғимаратқа күрделі жөндеу қажет. «Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін «Қамқорлық» бастамасы аясында аутизм және басқа да менталды бұзылыстары бар балаларға арналған орталық ашылады. Сондай-ақ «Белсенді ұзақ өмір» бастамасы ...

Толығырақ »

Архимед Мұхамбетов Қарабалық ауданына жұмыс сапарымен барды

Жұмыс сапары аясында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қарабалық ауданына барды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бірінші кезекте ол «Қайрақ» шекаралық бақылау жұмысын қарап шықты. Өткізу қуаты тәулігіне 7000 адамға дейін және 3000 көлік құралын құрайды. Пандемияға байланысты өткізу жүйесіне жүктеме азайды. Қазір өткізу қуаты тәулігіне 1500 адам мен көлік құралына дейін төмендеді. Бекетте барлық санитарлық-эпидемиологиялық ...

Толығырақ »

Қостанайда карантин талаптарын бұзғандарға 34 млн теңге айыппұл салынды

Қостанай облысының тұрғындарына карантин режимін сақтамағаны үшін 34 млн теңгеге жуық айыппұл салынды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Қостанай облысында карантин талаптарының жеңілдетілгеніне қарамастан мониторинг топтарының жұмысы жалғасып жатыр. «Жыл басынан Қостанай облысының мониторинг топтары 22 750 нысанды тексеріп, карантин талаптарын бұзудың бес жүзден астам оқиғасын анықтады. Осы ретте әкімшілік жауапкершілікке 473 адам тартылды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 33 919 698 теңгені ...

Толығырақ »

Ресей зымырандарының құлау аймағы ретінде Жангелдин ауданы таңдалған

Парламент Сенатының жалпы отырысында «Союз-2» зымырандарын ұшыру жөніндегі келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қабылданды деп хабарлайды BAQ.KZ.  Қазақстан мен Ресей Федерациясының Үкіметі поляр маңындағы орбиталарға солтүстік бағытта ғарыш аппараттарын ұшыру үшін «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-2» типіндегі тасымалдағыш зымырандарды ұшыруды жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге 2019 жылғы 20 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында қол қойған. «Осы келісім бүкіл әлемді кеңжолақты интернетпен қамтамасыз етуге ...

Толығырақ »

Биыл Қостанайда 29 тұрғын үй пайдалануға беріледі

Қалалық құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Тамара Данильчуктың айтуынша, 2021 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыруға 17,3 млрд теңге бөлінген деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Бағалы қағаздарды сатып алу және республикалық бюджеттен қаржыландыру есебінен 30 тұрғын үй бойынша несиелік және жалға берілетін тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Оның жалпы ауданы 123 мың 967,3 шаршы метр, яғни 1863 пәтер. Бес үй «Юбилейный» шағын ауданында, ...

Толығырақ »