Қостанай облысы Амангелді ауданының 46 жастағы тұрғынынан 96 ақбөкен мүйізі табылды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Тәртіп сақшылары ер адамның сөмкесінен ақбөкеннің 96 мүйізін тапты. Тәркіленген заттың салмағы 15 келіден асты», – делінген бүгін таратылған хабарламада.
Факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы (сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлермен, сондай-ақ тыйым салынған өсімдік немесе жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе туындыларымен заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сараптамалар тағайындалды.
Күдікті Уақытша ұстау изоляторына қамалған.
фото: дереккөз