Мәжіліс депутаттары Қостанай өңірін аралап жүр

Тобыл өңіріне ат басын тіреген мәжілісмендер Лисаков қаласында болып, әлеуметтік нысандарға барды деп хабарлады tobyl-torgai.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Заманауи  жабдықталған  қалалық аурухананың ахуалымен танысып, дәрігерлердің хал-жағдайын сұрады. Толғандырған түйткілдерін тыңдады.

Қаладағы теннис орталығы да теңдесі жоқ кешен. Жаңа нысан спортпен шұғылданатын жастарға жол ашып отыр.

Жұмыс сапары барысында Мәжіліс өкілдері кеншілермен де кездесті. Партияның міндет-мақсаты, елдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық жөнінде сөз қозғады. Жұмысшылардың қойған сауалдарына жауап беріп, кейбір көтерілген мәселелерді назарға алатындарын айтты.

Бүгінде осы мекеме қызметкерлерімен кездесіп, олардың да ойларын тыңдап жатқан жайымыз бар. Олар да әлеуметтік мәселеге қатысты, жалпы елімізде болып жатқан мәселелерге қатысты сұрақтарын да қойып жатыр. Біз де сол сұрақтарға жауап беруге тырыстық, — дейді Парламент Мәжілісінің депутаты, Nur Otan фракциясының мүшесі Әлия Сапарова.

Фото: видеодан скриншот

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *