Шымкентте екінші топтағы мүгедектігі бар қостанайлық азамат қайыр сұрауға мәжбүр болған. Еріктілер оны бір күн бұрын полицейлердің көмегімен құтқарып қалды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz inbusiness.kz порталына сілтеме жасап.
Қостанайда 18 маусымда Алтынсарин-Шевченко қиылысына жақын жерде 66 жастағы Владимир Волк жоғалып кеткен. Куәгерлердің айтуынша, оны екі әйел көлікке отырғызған.
Shymkent_lider.kz еріктілерінің айтуынша, оны Шымкентке әкеліп, қайыр сұрауға мәжбүрлеген. Оқиға куәгерлері еріктілерге «Жоғарғы базар» ауданында осындай мүгедектер арбасында қайыр сұрап жүрген ер адамды көргендерін, және оған бір әйелдердің үнемі қарап жүретінін айтты.
Мүмкіндігі шектеулі жан өзін құтқара алмағандықтан, еріктілер көмекке полиция шақыруға мәжбүр болды. Бөлімшеде Владимир шынымен іздестіріліп жатқаны белгілі болды. Ол уақытша тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған панаханаға тағайындалды. Жақын арада оған туыстары келеді.
Шымкент қалалық ІІД баспасөз қызметінен қосымша түсініктеме күтілуде.
фото: дереккөз