Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстандағы бала мен ана өлімі көрсеткіші жоғары аймақтарды атады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Бала өлімінің ең жоғары көрсеткіші Шымкент қаласы, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында. 60 пайызында шала туған нәрестелер шетінеп кеткен, — деді министр Үкімет отырысында.
Сонымен қатар ол Павлодар, Қарағанды, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында ана өлімі көрсеткіші жоғары екені байқалатынын атап өтті.
Себептер құрылымында акушерлік асқынулар — 70 пайыз, соматикалық аурулар — 30 пайыз, — деді ол.
Сонымен қатар Ғиният медициналық ұйымдардың кадрлық әлеуетін нығайту мақсатында медициналық кадрларды даярлауға арналған резидентура гранттарының саны 1500-ге дейін ұлғайтылғанын атап өтті.
Фото: ашық дереккөз