Қостанайда жас ақын Богдан Тургайский жергілікті полицейлердің үстінен шағым түсірген. Оның айтуынша, тәртіп сақшылары оған көшеде өлең оқуға тыйым салыпты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.
Алғашында жас ақын қолына хабарландыру жазылған плакатты ұстап тұрған. Осыдан соң, оған полицейлер бірнеше мәрте ескерту жасапты.
Билік плакаттан қорқады. Бұл — түсінікті жайт, қазір плакат ілмеймін. Тек баған ғана тұр. Кеше полицейлер келіп, менің үстімнен шағым түскенін айтты. Айналама көп адам жиналып қалған еді. Олар менің шығармашылығыммен танысып, жылы лебіздерін білдірді. Мен ешкімнен қайыр сұраған емеспін. Иә, әжелердің алма сатуына тыйым салып, өлең оқуға рұқсат берді деп ашуланған. Полицейлер мені есірткіге қатысың бар деп айыптай бастады. Олармен салғыласып тұруға шамам қалмады, сосын кетіп қалдым. Бөлімшеге барған жоқпын, өйткені, кінәлі емеспін, – дейді Богдан Тургайский.
Сөз соңында ол полицейлерді «Қаланың рухын өлтіріп жатыр» деп айыптады.
Фото: ашық дереккөз