10.10.2022

Қостанайда орман өртінен зардап шеккендер қанша теңге өтемақы алады

Премьер-министрі Әлихан Смайылов Қостанай облысындағы өрттен кейін баспанасыз қалған тұрғындар қанша өтемақы алатынын айтты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Мүлкі (шаруашылық құрылыстары, ауыл шаруашылығы техникасы) өрт салдарынан зардап шеккендерге мүліктің бүлінгені үшін өтемақы бағалау құнымен ішінара төленеді, — делінген Әлихан Смайыловтың Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында. Оқи отырыңыз: Әулиекөлде өрттен зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы аяқталып қалды Сондай-ақ, Премьер-министрдің айтуынша, Қостанай облысының зардап ...

Толығырақ »

Әулиекөлде өрттен зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы аяқталып қалды

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Instagram парақшасында Әулиекөл ауданында өрттен зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы аяқталып қалғанын жазды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Әулиекөл ауданында рекордтық қысқа мерзімде тұрғын үйлердің құрылысы аяқталуға жақын. Жақын арада тұрғындарды қоныстандыру басталады. Көріп отырғандарыңыздай, фотосуреттерде бір айдағы үлкен өзгерістерді байқауға болады, — деп жазды облыс әкімі. Бұған дейін орман өртінен зардап шеккен Әулиекөл ауданы тұрғындарының үйлерін салуға бірнеше ...

Толығырақ »

Ахметтанушы ұлт ұстазының мерейтойында зерттеуге емес, насихатқа көп көңіл бөлінгенін айтты

Қазақстанда Ахмет Байтұрсынұлының есімі бір ауылға, 200-ден астам көше мен 39 мектепке, бір әуежай мен бір музейге берілген. Сонымен қатар, Алматы қаласында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Қостанай қаласында Қостанай өңірлік универститеті бар. Оған қоса, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Ахмет Байтұрсынұлы орталығы» ашылған, деп жазады Azattyq Ruhy.  Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметіне, Ұлт көсеміне арналған Ақтөбе, Қарағанады, ...

Толығырақ »

«Мұғалімдерді итше жұмсайды»: қостанайлық мектеп қызметкері әкімдіктің тапсырмасына шағымданды (ВИДЕО)

Қостанай облысының әкімдігі мектеп жұмысшыларының күшімен жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетті. Бұл туралы мектеп қызметкерінің әлеуметтік желіге жүктеген видеосынан белгілі болды, деп хабарлады tobyl-torgai.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.   Видео авторы қалалық білім басқарасының мектеп жұмысшыларын жүк тасуға жегіп қойғанын айтып, наразылығын білдірді. Бізді қазір қалалық білім басқармасы шақырып алды. Бізді қоймаға әкеліп, «бұл облыс әкімінің тапсырмасы» дейді. Түсініп жатырсыздар ғой, Қазақстанда мұғалімдерді, ...

Толығырақ »