Қостанайда ақын-ұстаз Ғалымбек Әбілқайырдың 80 жылдығына орай әдеби кеш өтті

Қостанайда әдеби апталық аясында Л. Толстой атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында қадірлі ұстаз, торғайлықтардың гимніне айналған «Туған жер – Торғайым» әнінің авторы, ақын Ғалымбек Әбілқайырды еске алу кеші өтті, деп хабарлады tobyl-torgai.kz kostanaytany.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл іс-шараға сонау елорда төрінен ақынның ұлы, белгілі журналист, Астана әкімдігіне қарасты Elorda.info сайты бас редакторының орынбасары Ғанибет Ғалымбекұлы арнай шақыртылды.

«Көңілімнің шуағы» атты кеште торғайлық тұлғаның өмірі мен шығармашылығы кеңінен таныстырылды. Ғанибет әке тағылымы туралы сыр шертіп, қатысушы көрермендердің сұрақтарына жауап берді.

Оқырмандар қаламгердің кітаптары қойылған көрме бұрышын тамашалады.

Бұл кешке әйгілі ақын Сырбай Мәуленовтің ұрпақтары қатысты. Сондай-ақ Серікбай Оспанов бастаған қостанайлық қаламгерлер және жастар мен кітапханашылар орта толтырды.

Фото: дереккөз

Мынаны да қараңыз

Маркетплейстер контрафактінің таралу орнына айналып барады

Әділет органдарының қызметіндегі бағыттардың бірі – зияткерлік меншік құқығын сақтау мен қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты ...