Қостанайда әдеби апталық аясында Л. Толстой атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында қадірлі ұстаз, торғайлықтардың гимніне айналған «Туған жер – Торғайым» әнінің авторы, ақын Ғалымбек Әбілқайырды еске алу кеші өтті, деп хабарлады tobyl-torgai.kz kostanaytany.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл іс-шараға сонау елорда төрінен ақынның ұлы, белгілі журналист, Астана әкімдігіне қарасты Elorda.info сайты бас редакторының орынбасары Ғанибет Ғалымбекұлы арнай шақыртылды. «Көңілімнің шуағы» атты кеште торғайлық ...
Толығырақ »Tag Archives: Ғанибет Ғалымбекұлы
Қымбат картина немесе балақайдың арманы
– Мәссаған, мына картинаны кім салған, ей? – дей бергенімде, асүйде жүрген бажам баж ете қалды: – Ойбай, жолама! Тиіспе ол суреттерге! – Әй, неге сонша ойбайлайсың?! Атақты Пикассоның суретіндей-ақ, о несі-ей?! – дедім бажамның айғай салғанын жақтырмай. – Бұл не, шынымен қымбат картиналар ма? – Қымбат! Қымбат болғанда да қымбат… Оның несін сұрайсың?! Қабырғадағы бұл суреттердің бәрі «хозяйндыкі» ғой. ...
Толығырақ »Нәзипа Құлжанова. Оның жеке іс қағаздары қайда?
Қазақ руханиятының тарам-тарам салалары біртіндеп зерттеліп жатыр. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы саяси-әлеуметтік оқиғалар мен тарихи тұлғалардың арнайы зерделенуінің үлкен үрдіске ұласуы қуантатын жағдай. Десе де осынау дүрбелең тұстағы қазақтың көрнекті тұлғаларының бірі Нәзипа Құлжанованың қайраткерлік, шығармашылық, мәдени-ағартушылық мұрасы ғылыми тұрғыдан бағалауды қажет ететіндей. Ағартушылық еңбегі мен ұлттық мәдениеттің озық үлгілерін насихаттаушы, қазақ сахарасында мәдени-этнографиялық кештер өткізу дәстүрін қалыптастырушы ретіндегі ұлан-ғайыр ...
Толығырақ »Абайды алғаш танығандар
Биыл туғанына 175 жыл толатын данышпан Абай қазақ жазба әдебиетінің көгінде жарқ ете қалғанда, жер-жерде оның туындыларын майшаммен іздеп, жете танығандар, сөйтіп, ұлы ақын шығармалары туралы алғаш пікір айтқандар өз заманында аз болмаса керек. Осы орайда «Абайды алғаш танығандар» деп тақырып қойған біз бұл мақаламызда тек Торғай өңірінен түлеп ұшқан – ұлы ақынның талантын мойындап, бағалаған үш тұлғаны алып, қарастырып ...
Толығырақ »Жігері жасымаған Жұмагүл
1986 жылдың желтоқсанында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың орнына есімі қазақ жұртына беймәлім Г.Колбин отырғызылғаны белгілі. Басшылықтың ауысуы халықтың ашу-ызасын тудырды. Орталық компартияның шешіміне наразылық білдіргісі келген жастар 17 желтоқсан күні таңертең сол кездегі Л.Брежнев атындағы алаңға жиналып, шеру өткізді. Алайда жастарға «нашақорлар, маскүнемдер, бүлікшілер» деген айып тағылып, жаппай жазалауға алынды. Ақ қар, көк мұзда алаңға шыққан ...
Толығырақ »Қиянатқа қарсы тұрған газет
Қазақтың маңдайына біткен марғасқа тұлғалары қызмет еткен «Egemen Qazaqstan» газеті биыл өзінің 100 жылдық мерейтойын барынша сән-салтанатпен атап өтіп жатыр. Еліміздің бас газеті осы кезеңдерде небір тарихи сәттерді бастан өткергені анық. Талай адамның тағдырына араласып, әділет жолында құрбан болған азаматтарға қамқор болғаны да рас. Тіпті біздің отбасымызға қиындық туған сәтте де көмекке келген еді бұл басылым. Тағдырдың жазуына қарасайшы, бүгінде ...
Толығырақ »Обамамен «сырласқан» Айдос
«Мүсін жасау өнерімен айналыса бастағаныма көп бола қойған жоқ. Барак Обама АҚШ президенті атанып, Мадам Тюссо музейінде оның балауыздан жасалған мүсіні пайда болды. Сол кезде халқымыздың тарихи тұлғаларының мүсіндерін жасау туралы ойладым. Біздің Қазақстанда да мұндай өнер бар екенін көрсеткім келді…» Бүгінде есімі көпшілікке танылып қалған жас суретші, мүсінші Айдос Есмағамбетов он шақты жыл бұрын республикалық «Нұр Астана» жастар апталығының ...
Толығырақ »Жастар неге «жұмақты» жат жұрттан іздейді?
Қазіргі таңда шетел асып, білім алу, жұмыс істеу қиын емес. Сондықтан шығар, кейінгі жылдары сыртқы көші-қон толастамай тұр. Әсіресе, жайлы өмір іздеген жастар жат жұрттан «жұмақ» іздеп, мұхит асып жатады. Статистика комитетінің деректеріне сүйенсек, жыл сайын 14-28 жас аралығындағы 8 мыңға жуық жас шетел асады екен. Сарапшылардың айтуынша, мұның бірнеше себебі бар. Тұрақты жұмыстың болмауы, болған күннің өзінде жалақысының мардымсыздығы, ...
Толығырақ »