Лисаков қаласында ер адам үйінде өртеніп кетті

Қостанай облысы Лисаковск қаласында бес қабатты тұрғын үйдің пәтері өртенді, деп хабарлады tobyl-torgai.kz Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 10 наурызға қараған түні болған.

Құтқарушылар төтенше жағдай орнына 6 минутта жеткен. Аумағы 40 шаршы метр пәтерде жиһаз бен киімдер өртенген. Өрт сөндірушілер зейнет жасындағы адамның мәйітін тапты.

Полицияның деректері бойынша, марқұм алкоголизм бойынша есепте тұрған. Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамның жеті адамы және екі бірлік техника жұмылдырылды, – деп хабарлады облыстық ТЖД.

Өрт бір сағаттан кейін сөндірілді. Қалған тұрғындар зардап шеккен жоқ.

Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз, сараптама тағайындалды.

Фото: kstnews.kz

Мынаны да қараңыз

Ерлан Қалмақов жаңа қызметке тағайындалды

Ерлан Қалмақов Қостанай облысы Дін істері басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Ерлан Болатұлы ...