Қостанайда университет ғимаратынан өрт шығып, студенттер эвакуацияланды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Желіде эвакуация сәті түсірілген видео пайда болды. Тәуелсіздік көшесінде орналасқан Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚӨУ ғимаратындағы кеңселердің бірінде кеңсе техникасы өртенгені белгілі болды. 7-қабатта оқу бөлмесінде кеңсе техникасы өртеніп, 2 шаршы метр аумақты шарпыды. Өртсөндірушілер оқиға орнына 3 минуттан соң жетіп, өртті сөндіруге кірісті. Ғимараттан адамдар эвакуацияланды. Барлығы өртті сөндіруге жеке ...
Толығырақ »Monthly Archives: ақпан 2023
Қостанайдағы әжелер ойын-сауық орталығы әкімшілігімен арадағы дау неден туындағанын айтты
Қостанайда кимешек киген әжелерді ойын- сауық орталығы күзетшісі іште ұлттық киіммен жүруге болмайтынын айтып, сыртқа қуған еді. Бұл жағдай көпшіліктің ашуына тиіп, тіпті орталық басшысын, әкімшісін жауапқа тарту керек деген бастамаларға ұласып жатты. KYN.KZ сайтына хабарласқан әжейлер өздерінің кім екенін, неге қуылғандарын баяндап берген, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Оқи отырыңыз: Қостанайда ұлттық киім киген әжелерді ойын-сауық орталығынан қуып шыққан (ВИДЕО) Біз Қостанайда ...
Толығырақ »Қостанайда бұралқы иттер студент қызды талай жаздаған
Қостанайда бұралқы иттер жас қызға тап берді, деп хабарлады Алау порталы. Мен үйреншікті жолмен оқуға бара жатқанмын. Бұл иттерді бұрын да көрдім, бірақ олар маған тиіспейтін. Бұл жолы не көрінгенін, не себепті ашуланғанын білмеймін. Алдымен біреуі жүгіріп келіп, үре бастады, содан кейін екіншісі келді, — дейді Даяна Брыкова. Оның айтуынша, Тұрмыстық сервис колледжінің маңы, Абай көшесінің бойындағы жерге әдетте 10 шақты бұралқы ...
Толығырақ »Қостанайда ұлттық киім киген әжелерді ойын-сауық орталығынан қуып шыққан (ВИДЕО)
Қостанайда он шақты әжей кимешек киіп, ойын-сауық орталығына барған. Үшінші қабатқа көтерілген кезде олардың алдынан күзетші шығып, орталықтан шығып кетулерін сұрайды, деп жазды KYN.KZ. Видеодан анық көрінгені күзетші орталықтың әкімшісінен рұқсат сұраулары керек екенін түсіндіріп тұр. Ал, апалар болса «Киімімізге не болыпты, елдің бәрі қалағанын киіп жүр ғой» деп өз уәждерін айтып жатыр. Видеодан әжейлер бір-біріне «өлең айтпаңдар» деп жатыр. ...
Толығырақ »Қостанайлық шаруаларға жер жетпей жатыр
Қостанай облысы әкімдігінің хабарлауынша, өңірде 1,3 млн га жайылым бар. Бұл жер қосалқы үй шаруашылықтарындағы мал жаюға пайдаланылып отыр. Бұл жер көлемі жетпейді, тапшылық 1 млн га., деп хабарлады tobyl-torgai.kz. Аудан әкімдіктері осы мәселені шешу үшін 2022 жылы мемлекеттік қордағы 527,9 мың га жерді халықтың қажеттілігін қанағаттандыру үшін олардың жеке ауласын күтіп ұстау бойынша резервте қалдыру жұмыстарын жүргізді, – дейді облыс ...
Толығырақ »Қостанай облысында ер адамды өз туысы өлтіріп кеткен
Қостанай облысында 40 жастағы ер адамды өз туысы өлтіріп кеткен, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 18 ақпанда болған. Таңғы сағатт 5.00 шамасында бас жарақатымен 40 жастағы ер адам аудандық ауруханаға түсіп, жансақтау бөлімінде көз жұмды. Белгілі болғандай, сол күні оның 23 жастағы алыс туысы жәбірленушіге қонаққа келген. Олардың арасында жанжал туындап, соның салдарынан ауыр жарақат алған 40 ...
Толығырақ »Tobyl-torgai.kz сайтына жарнама берушілерге арналған ақпарат
Стоимость услуг по рекламно-информационному сопровождению на сайте tobyl-torgai.kz № Наименование услуги Описание Ед. измерения Стоимость с учетом НДС, тенге 1 Размещение информационных сообщений, пресс-релизов на казахском языке Объемом до 2500 знаков с пробелами, до 4 фото Услуга 35 000 2 Размещение PR-статьи на казахском языке (с пометкой PR) Статья объемом до 5000 знаков с пробелами, до 4 фото, 25 ...
Толығырақ »Қостанай әуежайы сатылымға шығарылды
Қостанай қаласындағы Kostanay Airport халықаралық әуежайы сатылымға қойылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Бұл туралы ақпарат әуежайдың ресми сайтында пайда болды. Әуежай қаладан екі шақырым жерде орналасқан. Қазір ол Қостанай облысы әкімдігінің меншігінде тұр. Әуежайдан жылына 1 700 рейс жасалады. Рейстерді 200 мыңнан астам адам пайдалана алады. Қостанайда алғашқы әуежай 1937 жылы салынған болатын. Қазіргі әуежай алғашқы кезде көлік авиация полкіне қызмет етті. Одан кейін 2018 ...
Толығырақ »Қостанайда сақалды құрылыстар көбейіп кеткен
Қостанай облысында да жылдар бойы бітпей сақалды құрылысқа айналған нысандар баршылық. Олардың жұмысының соңы бір-бірін сотқа сүйреумен аяқталуда, деп хабарлайды Massaget.kz. Сәйкесінше құрылыс жұмыстарының біту уақыты да созылып барады. Бүгін Қостанайда тұрғындардың ғана емес билік басындағылардың бас ауруына айналған тұрғын үй құрылысы тақырыбы талқыланған жиында Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев бұл істерге қашан нүкте қойылатын айтты. Айтпақшы бұл алқалы басқосуға ...
Толығырақ »Қостанай облысының тұрғындары үдере көшіп жатыр
Солтүстік, шығыс, орталық өңірлерден халықтың үздіксіз көшуі ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді. Бұл туралы Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің хатшысы Серік Шайдаров мәлімдеді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. 2010-2020 жылдар аралығында ішкі көші-қон ағыны есебінен халықтың өсуі Ақтөбе облысында, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында байқалды. Аталған өңірлерде ел халқының 36%-ы тұрады. Сонымен қатар, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және ...
Толығырақ »