Рудныйда тағы да коммуналдық апат болды

Рудный қаласында жылу желілерінде апат орын алып, салдарынан бірнеше көше жабылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz «Наша газетаға» сілтеме жасап.

Рудный қаласы әкімдігі жылу желілерінде инженерлік апат болғаны хабарланды. Апат салдарынан Кеншілер көшесі Мирден Строительнаяға дейін; Дзержинский көшесі Кеншілерден Октябрьдің 40 жылдығына дейін жабылды. Бұл көшелердегі автобустардың жүру кестесі де өзгертілді.

Рудныйдағы жылу жүйелеріндегі судың температурасы 80 градустан жоғары көтерілуді тоқтатқаны атап өтілді. Бұл туралы 20 ақпанда аймақ басшысының төрағалығымен өткен энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының алқасында Рудный қаласы әкімінің міндетін атқарушы Виктор Ионенко мәлім етті. Оның айтуынша, температура жоғарылағанда желілерде үзілістер мен өшірулер орын алады.
Фото: дереккөз

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...