Қостанай жемқорлық жиі тіркелетін өңірлер қатарында

Қазақстанда жыл басында сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау көрсеткіші артқан, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Биыл қаңтар-ақпанда елімізде 438 қылмыстық сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,7%-ға артық.

Айта кетсек, өткен жылы (қаңтар, ақпан) 435 қылмыс тіркелді, жылдық өсім 8,5%.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстар көбіне Алматы мен Астанада тіркеледі. Әр қалада 51 жағдай бойынша, тиісінше 2% және 6,3%.

Сондай-ақ, жемқорлық жиі тіркелетін өңірлер қатарында Қостанай, Түркістан облысы және Шымкент қаласы бар.

Ал ШҚО, Абай және Ұлытау облысында сыбайлас жемқорлық қылмысы сирек тіркеледі.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың 37,4% пара беру арқылы жасалады. Ол бойынша жыл басынан бері 164 жағдай тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 45,1%-ға көп.

Сонымен қатар пара алу да кең жайылған (141 жағдай, жылына минус 6,6%), сыбайлас жемқорлық саласындағы алаяқтық (39 жағдай, минус 30%), сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе жымқыру (24 жағдай, минус 42,9%) және парақорлық бойынша делдалдық (22 жағдай, бір жыл бұрынғыға қарағанда 4,4 есе жоғары).

Күдікті деп тану туралы қаулы шығарылған адамдардың саны 301-ге жетті. Аталған көрсеткіш бір жыл бұрынғыға қарағанда 25,4%-ға көп. Олардың арасында 243 күдіктінің қылмыс жасағаны анықталды, соның ішінде 159 күдіктіге қатысты іс сотқа жіберілді.

Мемлекеттік органдар арасында сыбайлас жемқорлыққа ішкі істер органдарының қызметкерлері жиі жол береді (43 адам). Одан әрі әкімдіктер және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметшілері (26 адам), ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (3 адам) сол сияқты Қаржы мониторингі агенттігінің (3 адам) қызметкерлері, денсаулық сақтау министрлігі (3 адам) және индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (сондай-ақ 3 адам) қызметшілері бар.

Фото: eldala.kz

Мынаны да қараңыз

Ұлытауда болдың ба, ұлар етін жедің бе?

немесе Ұлытау саяхаты туралы Аяқ астынан сапарға шықтым.. Биылғы жоспар Талдықорған шаһары болатын. Бірақ, жақында ...