Қостанайдағы Жастар сарайында «Студенттік қозғалыстардың, идеялар мен жобалардың қызметін дамыту жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізу» жобасы шеңберінде облыстық бос орындар жәрмеңкесі басталды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.
Жастарға аумақтағы еңбек нарығы туралы, қызметкерлерге қажеттілікті сезінетін кәсіпорындар туралы, қолда бар бос жұмыс орындары мен оқу орындары негізінде жұмысқа орналасу, қайта оқыту мүмкіндіктері туралы барынша толық ақпарат беріледі.
Іс-шараға Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов қатысты.
Өздеріңе қажетті жұмыс табуға жол ашатын алаң. Басты міндеттердің бірі – сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарды қолдау, жастарға мүмкіндіктер ашу. Қостанай облысы — аграрлық аймақ. Сондықтан бүгін «АIIur» АҚ, «Агромаш Холдинг» АҚ, «Жас Қанат-2006» ЖШС, «Варварин» АҚ сияқты ірі компаниялар қатысып отыр. Өңірде құрылысшы, арнайы көлік жүргізушілері, медицина, мәдениет, білім, ауыл шаруашылығы мамандары тапшы. Бұл — үлкен мүмкіндік, – деді облыс әкімі.
Жәрмеңкеде жұмыссыз азаматтар мен жұмыс іздеп жүрген адамдарға жұмыс берушілермен тікелей кездесуге және қарым-қатынас жасауға, жұмысқа орналастыру мәселесін жедел шешуге мүмкіндік берілді. ЖОО, колледж студенттері мен жұмыссыз жастар қатысып жатыр. Олар облыстың түкпір-түкпірінен келген 90-нан астам ірі кәсіпорын мен мемлекеттік мекемелердің өкілдерімен жүздесіп, өздерін қызықтырған жұмыс орындары туралы жан-жақты ақпарат алып жатыр.
Іс-шара «Қостанай облысы әкімдігі қоғамдық даму басқармасы «Қостанай облысының жастар ресурстық орталығы» КММ тапсырысы бойынша «Студенттік қозғалыстардың, идеялар мен жобалардың қызметін дамыту жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізу» жобасын іске асыру шеңберінде өтіп жатыр.
Фото: Бибіт Нұрмұханов