Қостанай әкімдігі Владимир Путинді күтіп алу үшін 11 миллиард теңге жұмсамақшы

Күзде Қостанай қаласында Ресей мен Қазақстанның ХІХ Аймақаралық форумы өтеді. Жиынға Ресей президенті Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысады деп күтіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қала әкімдігі Аймақаралық форумға 11 миллиард теңге жұмсамақшы. Айтулы шараға орай дайындық қазірден басталып кеткен. Қазір қалада асфальт төселіп, ағаш егіліп жатыр екен.

Қала әкімі Марат Жүндібаев “Наша Газета” басылымына форумға дайындық аясында Smart-орталық салынып, қаланың жарықтандыру жүйесі жөнделеді, саябақтың солтүстік бөлігіне жөндеу жүргізілетінін айтқан. Сонымен қатар көшелер көгалдандырылып, аялдамалар орнатылады, тұрғын үйлерге жөндеу жүріп, субұрқақтар қалпына келтіріледі екен. Қаланы әрлеу жұмыстары жүргізіліп, үйлердің қасбеті жөнделеді. Бұдан бөлек Абая даңғылында орташа деңгейде жөндеу жүріп, Әуежай шағынауданы мен қаланың солтүстік-батыс бөлігі арасында жол салынады.

Фото: Kremlin Pool/Global Look Press

Мынаны да қараңыз

Құмар Ақсақалов ертең Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сапар барысында ...