Қостанайда Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы сотталды

Қостанайда Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы сотталды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.

Қостанай қаласының №2 сотында өзінің қызметтік бабын пайдалана отырып, сенімге қиянат жасау арқылы пара алу, алаяқтық жасау бойынша айыпталған «Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ инкассаторлық бөлімінің бас маманына қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, салық төлеушінің электронды кабинеті арқылы жеке кәсіпкер ұсынған 2022 жылға арналған жылдық қаржылық есептілікке сәйкес, қосымша құн салығын тіркеу бойынша 2022 жылға арналған ең төменгі жылдық айналым асыра орындалған. Сотталушы жеке кәсіпкерге 100 мың теңге сыйақы үшін жәрдем беруді ұсынып, ЖК-нің жылдық айналымын азайту мақсатында, сатып алушылар 2 млн 616 мың 461 теңгені қайтарғандай етіп көрсету үшін кассалық аппаратпен операциялар жүргізген. Өз кезегінде жеке кәсіпкер 2022 жылға арналған жылдық есепті қайтарып алып, жылдық айналым көлемін азайта отырып қосымша декларация тапсырған. Сондай-ақ, сотталушы кәсіпкерге әлеуметтік төлемдерді кешіктірген және қарызы болған жағдайда, оған қатысты жауапкершілік шараларын қолданбау үшін ай сайын 30 мың теңге аударуды сұраған.

Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінді.

Жасалған әрекеттің сипатын және қоғамдық қауіптілік дәрежесін, жеке басын, істің барлық мән-жайларын ескере отырып, сот мемлекеттік қызметкерге ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігін қолданып, қылмыстардың жиынтығына ішінара қосу арқылы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салумен, 1 млн 200 мың теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі түпкілікті жаза тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Фото: ашық дереккөз

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...