«Жылап тұрды»: Арқалықта бойжеткен 4-қабаттан секірмек болған

Арқалықта полиция қызметкерлері төртінші қабаттан секірмек болған қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бойжеткен қараусыз қалған ғимараттың төртінші қабатынан секірмек болған. Бұл туралы полицияға 11 шілдеде хабар келген.

Түнгі сағат бір шамасында өтіп бара жатқан адам қараусыз қалған ғимараттың терезесінің шетінде бір қыздың жылап тұрғанын көрген. Ол дереу полицияға қоңырау шалды, — делінген хабарламада.

Оқиға орнына автопатруль келді. Полицейлер Дидар Қойбағаров пен Нұрбол Боранбаев бірден әрекетке көшті. Полицейлердің бірі төртінші қабатқа көтерілді. Екінші қызметкер осы уақытта қызбен сөйлесіп, оны тыныштандыруға тырысты.

Қыз қатты ашулы еді, жылап тұрды. Мен серіктесім көтеріліп жатқанда онымен сөйлесуге тырыстым. Оған көмектесу үшін бірнеше минут уақыт қажет болды. Ойлаған әрекетіміз сәтті іске асты, – дейді Нұрбол Боранбаев.

Полиция қызметкері Дидар Қойбағаров қызды терезеден шығарып үлгерді, осылайша, оған секіруге мүмкіндік бермеді.

Белгілі болғандай, бұл әрекет отбасылық мәселелердің салдарынан болған. Қазіргі уақытта қыздың өміріне қауіп жоқ, психологтар онымен жұмыс істеп жатыр, — делінген хабарламада.

Фото: wikimapia.org, polisia.kz

Мынаны да қараңыз

Құмар Ақсақалов ертең Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сапар барысында ...