Қостанайда астық қоймасына найзағай түсті

Қостанайдағы астық қоймасын найзағай жарып жіберді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, 2023 жылғы 1 тамызда сағат 21.50 шамасында «Компания САЛАМАТ» ЖШС диірмен кешенінің аумағында құрылыстар құлады.

Алдын ала ақпараттарға сәйкес құрылыстарға найзағай тиген. Бұл жағдай авария ретінде тіркелді, — деп мәлім етті ТЖМ ӨҚК Қостанай облысы бойынша департаменті.

Зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Барлық қатысы бар адамдар анықталғаннан кейін департамент жанынан аварияны тергеу жөніндегі комиссия құрылады. Тергеу қорытындысы қосымша хабарланады, – делінген хабарламада.

Фото: gov.kz

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...