Қостанай облысының прокуратурасымен тексеру барысында бұрынғы жеке сот орындаушысының мемлекет пен өзге де адамдардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды ұрлау схемасы анықталды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.
Қостанай облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бұрынғы «Н» жеке сот орындаушысы оны лицензиясынан айырғаннан кейін өндіріп алушыларға берудің орнына жеке шотына 6 млн теңгеден астам ақша аударғаны анықталды.
Бұл қаражат – борышкерлердің әкімшілік айыппұлдар мен басқа да қарыздар бойынша жұмыс орнынан ұсталған сомалары.
Осы факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Фото: pexels.com