Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталып жатқан Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Фото: Жоғарғы сот
Толығырақ »Monthly Archives: сәуір 2024
Су астында ауыл да, қала да тұр…
Дамира Ахметханова 2003 жылы 11 қарашада Қостанай облысының Арқалық қаласына қарасты Қайыңды ауылында дүниеге келген. Қайыңды ауылындағы орта мектепте білім алып, одан кейін оқуды Астана қаласының №35 мектеп-лицейінде жалғастырды. Орта білім алғаннан кейін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Экономика» факультетіне оқуға түсті. Қазір осы білім ордасында «Менеджмент» мамандығы бойынша 3-курста оқиды. Дамира Дулатқызының өлең жазуға қызығушылығы бала кезінен басталған. ...
Толығырақ »Дастан Кенжалин: Қазақ спорт журналистикасын дамыту үшін өз арамызда бірлік керек
БАҚ саласында кенже дамып келе жатқан өріс спорт журналистикасы еді. Салалық журналистиканың шоқтығы саналатын осы бағытты дамыту соңғы жылдары қарқын алып келеді. Сан қатпарлы спорт тақырыбын қаузайтын қарымды журналистерді даярлау кәсіби түрде қолға алынды. Бірнеше жылдан бері елімізде спорт журналистикасы жоғары оқу орындарында арнайы пән ретінде оқытылады. Орта буын өкілі саналатын белгілі спорт журналисі, Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты Дастан ...
Толығырақ »Иық тіресе өмірге араша түсейік
Учаскелік полицей Олжас Әбенов алғашқы күннен бастап Қостанай облысы Жангелдин ауданындағы су тасқынына қарсы күресте ауыл тұрғындарына көмек көрсетіп келеді. Ол құтқарушылармен бірге Көлкамыс, Көкалат және Аралбай ауылдарындағы адамдарды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстарына қатысты. Топан су елді-мекенге 27 наурызда келді. — Мен бұл ауылдарда бесінші жыл қызмет етіп келемін. Әр қыстауды және шаруа қожалықтарын жақсы білемін. Тұрғындарды эвакуациялау басталған кезде ...
Толығырақ »Тасқын суға байланысты АҚШ-тағы ағайындар да көмек қолын созды
Биылғы көктем жылдағыдан ерекше, тосын, төтенше жағдаймен басталды. Қар суы күрт еріп, оған тасқын су қосылып, халықты тығырыққа тіреді. Мыңдаған жан мал-мүлік, үй-жайынан айрылып бейбіт күнде еріксіз «босқынға» айналды. Қостанай облысында тасқын су алдымен Арқалық қаласы іргесіндегі ауылдарға келе бастады, Жанкелдин ауданындағы Көлқамыс, Арқалық қаласына бағынышты Қызылжұлдыз, Екідің елді мекендерін су басып, аудан орталығы Амангелді кентіне қауіп төндірді. Көп өтпей ...
Толығырақ »Бірлігі жарасқан ауыл
Жақында Қостанай іргесіндегі Жуковка ауылына жол түсті. Бастап барған Әсия Юсупова атты қарындасымыз «Жуковка ауылын түлету» атты жоба аясында жұмыс істейді екен. Сонымен қаладан 30-40 шақырым қашықтықтағы Жуковкаға да жеттік. Айтқандай жол сапасын айта кетейін. Жолдың жартысы сапалы, асфальт жолдың жартысының сапасы нашарлау және бұл қала іргесіндегі ауыл екенін ұмытпаңыз. Яғни, менің ойымша мемлекеттің жол салуын, сапасын бақылауын ұдайы назарда ұстау ...
Толығырақ »Облыстық штабтың отырысы өтті
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов су тасқынына қарсы іс-шаралар бойынша облыстық штабтың отырысын өткізді. Басты міндет-халықты және аумақтарды су тасқынынан қорғау, барлық қызметтердің іс-әрекеттерін үйлестіру. Отырыста өңір әкімдерінің Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау және су тасқынына қарсы іс-әрекеттерін күшейтуге бағытталған жұмыстары туралы баяндамалары тыңдалды. Кеңес барысында Құмар Ақсақалов әкімдер мен күш құрылымдарына бірқатар нақты тапсырмалар берді. «Қазіргі уақытта су Жоғарғы Тобыл ...
Толығырақ »