Қарасу ауданының бұрынғы әкімі Виктор Радченконың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Қостанай облысы Қарасу ауданында бұрынғы әкімінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Виктор Радченко кінәсін мойындады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.

Жергілікті басылымның хабарлауынша, Виктор Радченкомен бірге бұл іске ауданның басқа шенеуніктерінің де қатысы бар. Барлығы пара берген деп те, пара алған деп те күдікке ілінген.

Қарасу ауданының бұрынғы әкімі Виктор Радченко, басылымның хабарлауынша, кінәсін мойындаған.

Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қарасу ауданы әкімінің лауазымды тұлғаларына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігі, 367-бабының 2-бөлігі, 368-бабының 1-бөлігі бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады. Күдіктілердің бірі – В.Радченко, — деп мәлімдеген Антикор жергілікті басылымға.

Сондай-ақ басылым дереккөздерге сілтеме жасап, іс жол жөндеумен айналысатын компаниядан пара алуға байланысты қозғалғанын екенін нақтылаған. Сондай-ақ олар Виктор Радченконың аудан әкімі қызметінен 2024 жылдың наурыз айында кеткенін еске алды.

Фото: ng.kz, Артем МАРУСИЧ

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында жол-көлік оқиғаларының саны екі есе өскен

Жыл басынан бері Қостанай облысында жол-көлік оқиғаларының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе ...