«Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қорының Қостанай облыстық өкілдігі белсенділері Қарабалық ауданы, Тоғызақ ауылына барды. Қарабалық — шекаралық аудан. Ресей іргелес жатқан Тоғызақ ауылдық округінде сегіз жүзге тарта адам тұрады. Негізгі күнкөрісі егін шаруашылығы.
«Үндеумен танысып шықтық. Онда айтылған, көтерілген мәселелердің бәрі ұнады.
Әсіресе, ӘР АЗАМАТТЫҢ ҚАДІР-ҚАСИЕТІН ҚҰРМЕТТЕУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУҒА назар аударғаны қуантты.
Әділетті қоғам әрбір азаматтың қадір-қасиетін мойындау, өзара құрмет пен ынтымаққа негізделуі тиіс. Ол қоғамда ешкімді кемсітуге немесе біреудің азаматтық және қоғамдық құқығына қол сұғуға жол жоқ деп айтып отыр Бұл өте құптайтын жәйт, жаңа Қазақстанда еңбек адамы қадірлеуге басты назар аударылуы тиіс», — дейді тоғызақтықтар.