Биыл Ұлы Отан соғысына 80 жыл. Бір ғасырға жуық уақыт өтседе, ол сұрапыл соғысты көзімізбен көрмесек те оны естудің өзі біз үшін ауыр екені айдан анық. Біз үшін өз өмірлерін отқа, кеуделерін оққа төсеген. Ұлы Отан соғысы ең қайғылы, ең қасіретті болды. Отан үшін отқа түскен майдангердің немерелеріміз. Біздің атамыз – Малшыбаев Сәлтен ата –анасынан екі жасында жетім қалған. Елге қасырет әкелген Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда атамыз 23 жастағы жас жігіт екен. 1942 жылы 25 маусымда өз қатарластырымен Отан қорғауға Қызыл Армия қатарына алынады. Жауынгерлік жолы Челябі облысының Шұбаркөл деген жерінде бастаған. Оңда 1-2 ай дайындықта болады. Кейін 151-ші атқыштар бригадасының құрамында майданға аттанады. Соғысқа алғашқы кіргенде жаяу әскер қатарында пулеметчик болады. 1943 жылы атақты Курс шайқасына қатысады. Осы үлкен шайқаста атамыз оң колынан жарақаттанып госпительде екі ай емделеді. 1943 жылдан 1945 жылға дейін 59 ауыр артиллерия бригаданың құрамында болып Белоруссияны, Украинаны, Польшаны жаудан босатып, Кёнигсберг қаласында соғысты аяқтайды. Берлинді алғаннан кейін атамыз резервте болады. 1945 жылы Коммунистік партия қатарына өтеді.
Елге атамыз 1946 жылы оралады. Батыр атамыз мараптталды, еңбегі бағаланды. «Даңқ», «Қызыл Жұлдыз», «1-ші дәрежелі Отан соғысы ордендері, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Ерлік үшін» медальдары, Жоғарғы Бас Қолбасының алғыстарымен марапатталады.
Атамыз қорқынышты соғысты да қүанышты жеңісті де, кейінгі бейбіт өмірде көріп, соғыстан кейінгі қүйреген шаруашылықты қалпына келтіруге тер төккен. Атамыз тумасынан алғыр, зерек болғанымен жетімдік зардабын көп көрген. Тура айтатын, тік мінезді адам еді, бірақ немерелері дегенде жаны басқаша еді. Біз үшін алма бағын, жеміс- жидектің түр-түрін өсірді. Атамыз өзінің балалық шағы мен соғыс туралы шешіліп ештеңе айтапайтын. Әкесі Тәшмәғанбетің тұрмыс жағдайы жақсы болған. Содан ол кәмпескеге ілініп, мал-мүлкінен жұрдай болған. Атамызды туған-туыстары тығып аман алып қалған. Өскенде арғы атасына жазылап, жас шамасында өзгерткен. Атамыз Қараман әулетінің қара шаңырағын ұстады. Отбасында өмірлік жолдасы Күлай әжемізбен бас қосты. Соғыстан кейін туған ұлы біздің әкемізді Сәлтенов Сақтағанды тәрбиелеп 6 немере көріп кетті. Құдайға шүкір, осы уақытта сол немереден бүгінде шөбелер болып, керегесі кеңейген әулетке айналдық. Олар бүгінде әр салада қызмет етеді.
Атамыз өмірінің соңғы 10 жылынде төсек тартып қалды. Атамыздың күтімі анамыз мен әкеміздің және мектеп жасындағы немерелердің қарауында болды.
Малшыбайұлы Сәлтен атамыз 1995 жылы 10 сәірде Ұлы Отан соғысының 50 жылдық мерекесіне аз уақыт қалғанда дүниеден өтті. Амантоғай ауылында жерленді. Біз осындай атаның ұрпағы болғанымызды мақтан тұтамыз.
9-мамыр бұл мереке ғана емес, бұл ауыр еңбек, бұл халықтың батырлығы. Біздің парызымыз — аталған күнді есте сақтау. Арамызда аз қалған соғыс ардагерлеріне және тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсету. Ерлігін ардақтап, ерлігін жас ұрпаққа ұлгі етту.
Ізгі ілтипатпен, ұрпақтары