ҚР Үкіметі жанындағы терминком 4642 терминді бекітті

Қазақстан Үкіметі жанындағы Республикалық терминология комиссиясы 2015-2016 жылдары 4642 терминді бекітті. Бұл туралы ҚазАқпараттың ресми сауалына орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігінен хабарлады.

Ведомство ақпаратына қарағанда, комиссия бекіткен терминдер   Googletrаnslate, Soyle.kz сынды электронды аударма қызметтері мен электронды сөздіктерге беріледі. Сондай-ақ бекітілген барлық терминдер termincom.kz сайтында және баспа БАҚ-тарда жарияланып, жұмыс барысында пайдалану үшін мемлекеттік органдарға жіберіледі.

Айта кетерлігі, Республикалық терминология комиссиясы 2015 жылы 3042 терминді бекіткен болатын. Ал өткен жылы  сыртқы саясат, электротехника, радиотехника және байланыс, информатика және есептеуіш техника, физика және астрономия терминдері мен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі ұсынған 1600 терминді  бекітті.

kazinform.kz

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *