9-13 қаңтар аралығында әлемдік нарыққа айтарлықтай өзгеріс әкелетін 3 оқиғаны назарларыңызға ұсынамыз.
Федералды қор басшылығының мәлімдемесі
АҚШ Федералды қор жүйесінің басшылығы осы аптада көпшілік алдына шығып келер айда доллардың базалық үстемесінің көбейер-көбейместігі туралы мәлімдеме жасайды деп жазады америкалық БАҚ.
Бейсенбіге дейін АҚШ-тың Бостон, Атланта, Филадельфия, Чикаго мен Далластағы өкілдіктерінің басшылары баспасөз мәслихатын өткізсе, бейсенбіге Федералды қор президенті Джаннет Йелленнің баспасөз мәслихаты белгіленген.
Айта кетейік, 12-13 желтоқсанда Федералды қор өкілдері 2017 жылы доллардың базалық үстемесінің үш рет көтерілуі мүмкін екенін айтқан еді. Егер Федералды қор базалық үстемені үш рет көтеретін болса, доллардың өзіндік құны шарықтап, теңгенің бағамы да көтеріліп кетуі әбден мүмкін.
Трамптың баспасөз мәслихаты
АҚШ президенттігіне сайланған Дональд Трамп сәрсенбі күні өзінің президент ретінде алғашқы баспасөз мәслихатын өткізеді.
Инвесторлар осы шарада президенттің салық реформасы, сақтандыру нарығы мен АҚШ-Қытай қатынасы туралы жаңалықтармен бөлісетінін айтады.
Ресми түрде Трамп 20 қаңтарда Ақ үй төріне отырады.
Қытай саудасының мәліметтері жарияланады
Жұма күні Қытай үкіметі өткен желтоқсандағы ішкі-сыртқы саудасы туралы нақты мәліметтерін жариялайды. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, қарашамен салыстырғанда Қытайдың сыртқы сауда айналымы желтоқсанда 46,6 млрд доллардан 46,5 млрд долларға азайған болуы мүмкін.
Ал экспорт көлемі шамамен 3,5 пайызға төмендеген болуы ықтимал. Ал импорт, сарапшылардың пікірінше, 2,7 пайыз ұлғайған болуы тиіс.
inform.kz