Астанадан конькимен жүгіру спортынан халықаралық дәрежедегі спортшы Дмитрий Морозов пен Қазақстанның спорт шебері Надежда Сидельник Универсиадаға қатысады.
Отандық спортшылардың дайындығы жөнінде Астана қаласының конькимен жүгіру спортының бас жаттықтырушысы Владимир Костин айтып берді.
«Өткен Универсиадада бұл спорт түрінен жарыс өткен жоқ. Біздің спортшылар доданы тағатсыздана күтуде. Дмитрий мен Надежда — ең жас әрі болашағынан үміт күттіретін спортшылар. Қазір олар шетелде жалпы командалық жиында жаттығуда. Дәл бабындағы спортшылар, сайысқа әзір. Олар сәтті өнер көрсетеді деп үміттенемін» деді Владимир Костин.
Сондай-ақ астаналық спортшылар шайбалы хоккейде де өнер көрсетпек.
29 қаңтарда Алматыда бастау алатын XXVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға 12 спорт түрінен 168 отандық спортшы қатыспақ.
egemen.kz