Қостанайлық сақтандыру компаниясынан 600 мың теңгеден астам қаражат өндіріп алды

Қостанай тұрғыны сақтандыру келісімшартындағы міндеттемесін орындаудан бас тартқан «Нефтяная страховая компания» АҚ-ын сотта жеңіп шықты. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі хабарлайды.
Іс материалдары бойынша өткен жылы арыз беруші көлік рөлін басқара алмай, бағдаршам бағанасын соққан. Залал келген бағдаршам «Қостанай қаласы Тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-ге тиесілі, мекеме бағдаршамды қалпына келтіру үшін 654 мың теңге жұмсаған. Алайда, сақтандыру компаниясы жол-көлік апатынан болған шығынды өтеуден бас тартқан. Компания клиентіне сәйкес талап арызбен сотқа жүгінуге тура келді. Алайда, сақтандыру компаниясының өкілі сот отырысында да талапты мойындамады.

«Тараптарды тыңдап, іс материалдарын оқыған сот талап арыз міндеттерін негізді деп таныды. Сот шешімімен «Нефтяная страховая компания» акционерлік қоғамынан Қостанай қаласы әкімдігінің ТКШ бөлімі пайдасына 654 мың теңге сақтандыру төлемі өндіріп алынды» деп хабарлады Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.

inform.kz

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *