Сенаторлар Конституцияға түзетулерді халықпен бірге талқылайды

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Палата бюросының мүшелерімен жұмыс бабындағы кеңес өткізді деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сенат басшысы Президент, Үкімет және Парламент арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу мақсатындағы еліміздің Ата заңы — Конституцияға енгізілетін түзетулерді түсіндіруге арналған депутаттардың 2-10 ақпандағы аймақтарға сапарына баса назар аударды.

«Президенттің бастамасы жұртшылық арасында кеңінен қолдау тапты. Ұсынылған түзетулерді халықпен талқылау, енгізілетін өзгерістердің мәні мен мағынасын түсіндіру депутаттардың міндеті» деді Қ.Тоқаев.

inform.kz

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *