Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы жұмыс сапарымен Қостанай облысына келді.
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.
«Сапар барысында Мемлекет басшысы Қазақстан-Ресей жастарының ынтымақтастық форумына қатысады деп жоспарланған. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті өңірдің бірқатар кәсіпорны мен шаруа қожалықтарын аралап, Қостанай қаласы әкімдігі қоғамдық қабылдауының жұмысымен танысады» деп жазды Берік Уәли.
Торғайға келе ме екен?