Боран салдарынан Қостанай облысының бірнеше ауданы жарықсыз қалды

Қостанай облысының екі ауданы мен бір қаласында жарық өшіп қалды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады. 

Облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, 16-17 қаңтар күндері Арқалық қаласы, Амангелді және Қамысты аудандарында жарық жүйесі өшіп қалған.

«Қостанай облысында ауа райының нашарлауына байланысты желдің екпіні 30 м / с-қа дейін жетіп, боран соғып тұр. Соның салдарынан кей өңірде сым желілері қысқа тұйықталып, жарық жүйесі өшіп қалып жатыр. Бүгін таңертең Қамысты ауданында электр құрылғылары толығымен қалпына келтірілді. Арқалық қаласы мен Амангелді ауданында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жұмыстарға «Қостанайжылуэлектросервисі» мекемесінің жедел бригадалары жұмылдырылды» делінген ведомствоның ақпаратында.

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *