Қостанай облысының прокуроры Тимур Сүлейменов ректор болып тағайындалды

Тимур Сүлейменов Құқық қорғау органдары академиясының ректоры болып тағайындалды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.

«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқық қорғау органдарының кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссиямен келісім бойынша Бас Прокурордың бұйрығымен Құқық қорғау органдары академиясының ректоры лауазымына 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Сүлейменов Тимур Қайырбекұлы тағайындалды», — делінген хабарламада.

Тимур Қайырбекұлы 1975 жылы 28 ақпанда Новосибирск қаласында дүниеге келген.

 1997 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітіргеннен кейін еңбек жолын Алматы қаласы Алмалы ауданының прокуратурасында бастаған.2001-2006 жылдар аралығында Алматы қаласының прокуратурасында, Әуезов ауданы прокурорының орынбасары, Түрксіб ауданының прокуроры лауазымдарын атқарды.

2006 жылы Алматы қаласы прокурорының орынбасары, ал 2008 жылы бірінші орынбасары болып тағайындалды.

2013-2017 жылдары Астана қаласы прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

2017 жылдан бастап Қостанай облысының прокуратурасын басқарды.

Заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар.

 

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *