Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті екі кәсіпорын басшысының жалған шот-фактуралар жазып беру және бюджетке салық төлеуден жалтару бойынша әрекеттерінің жолын кесті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, «Азаттық рухы» сайтына сілтеме жасап.
Сот шешімімен кәсіпорын басшылары 1,5 және 2 жылға сотталды.
Бұл — Қостанай облысы бойынша ЭТД-нің биыл жыл басынан анықтаған 5-дерегі. Барлық дерек бойынша мемлекетке келтірілген 1,6 млрд теңге көлеміндегі залал өтелді.
фото: ашық дереккөз