Қостанайда мектеп директорына қаржы жымқырды деген айып тағылды

Қостанай мектебінің директоры мұғалімдердің еңбекақысына бөлінген қаржыны жымқырды деп айыпталып жатыр. Екінші қалалық сотта оған қатысты қылмыстық іс қаралды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Іс материалдарына сәйкес, 2019 жылдан 2020 жылға дейін М. мектеп педагогтары мен техникалық қызметкерлердің бос қызмет орны ставкаларын қол астындағыларға үлестіріп келген. Бірақ қосымша жұмыстың ақысын өзі алып отырған.

Математика пәні мұғалімінің айтуынша, директор оның жалақысының бір бөлігін алған.

Көбінесе мен бір жарым ставкамен жұмыс істедім, бірақ жалақыны жарты ставкаға ғана алдым, – деп түсіндірді куәгер. – Маған сенің ақшаң емес деп бермейтін, төрт баланың анасы екенімді, барар жерім, басар тауым жоқ екенін білсе де, солай істеді, — деді мұғалім.

Сонымен қатар сотталушының адвокаты атап өткендей, мұғалім директор алып қойды деген ақшаның нақты сомасын да, қай күні болғанын да айта алмай отыр.

 

фото: ашық дереккөз

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *