Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Жангелдин ауданында болды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Бірінші кезекте Торғай ауылында Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуына қатысты. Құрылыс құны 541 млн теңгені құрайды. ДСК-нің жалпы ауданы 1601,4 м2. Өткізу қабілеті 30 адам/ауысымда, 100 көрермен орнына арналған трибуна. ДСК-де жаттығу залы, күрес түрімен айналысуға арналған зал, сондай-ақ ойындар өткізуге арналған зал: волейбол, бадминтон, үстел теннисі ...
Толығырақ »Monthly Archives: қыркүйек 2021
Ұлт ұстазының туғанына 150 жыл: Үкіметке ұсыныс…
Ақымет Байтұрсынұлы – ұлттық дамудың талай жыл әбден тот басып қараусыз қалған, тіпті қараң қала жаздаған тегершігін бір өзі айналдырып көріп, мігірсіз қозғалысқа қосып берген, ертегінің ерлеріндей ерен тұлға. Туған халқының рухани жаңғыруының сырын тап ондай біліп, сол жолда қалтқысыз еңбек етіп, мәңгі ескірмейтін ағыл-тегіл мол үлес қоса алған қайраткер қазақ топырағында оған дейін де, одан кейін де болған емес ...
Толығырақ »«Қостанайда екпе алған бала қайтыс болды»: Желідегі ақпарат жұртты шошытты
Қостанай мектептерінің бірінде манту сынамасынан кейін бала қайтыс болды деген хабарлама тарап жатыр деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Қостанайлықтар мессенджерлерде баланың өлімі туралы аудиохабарламаны белсенді түрде таратып жатыр. Аудиохабарламада оқиға мектепте манту сынамасы жүргізілгеннен кейін болғаны айтылады. Онда ер адам Қостанайдағы мектептердің бірінде балаларға жасырын түрде вакцина егілгенін айтады. Болжам бойынша, бір бала вакцинациядан кейін қайтыс болған, тағы бірнешеуінің жағдайы ауыр екені ...
Толығырақ »Қостанайда 310 мыңға жуық адам індетке қарсы вакцина алған
Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ерлан Спанов мәлім етті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. Оның айтуынша, СOVID-19-ға қарсы вакцинация бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Сондай-ақ вакцинациялауды жүргізу үшін емханалардан басқа адамдар көп жиналатын орындарда жеке егу кабинеттері ашылған көрінеді. Бүгінгі күні І компонентпен 309 839 адам немесе 61,3%-ы ...
Толығырақ »Қостанайда коронавирус инфекциясынан 100-ден астам адам қайтыс болған
Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Қостанай обылысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рүстем Айтбаев мәлімдеді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. Оның айтуынша, биыл жыл басынан бері 23930 адам індет жұқтырған. Нақтылап айтар болсақ, 13 қыркүйек күнгі жағдай бойынша 156 жағдай тіркелген. 31 492 науқастың 27 280-і сауықты, амбулаторлық бақылауды 3 ...
Толығырақ »COVID-19: Қостанай облысында 31 мыңнан астам адам инфекция жұқтырған
Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ерлан Спанов айтты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. Оның айтуынша, пандемия басталғалы бері Қостанай облысында 31 492 адам коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі тіркелген. Ал 13 қыркүйектегі жағдай бойынша 156 адам індет жұқтырған. Қазіргі уақытта 1765 төсек-орны бар 21 стационарда 607 адам емделіп ...
Толығырақ »Ұлы ұстаз мектепті қалай ашты?
Ұлы ұстаз, ағартушы Ыбырай Алтынсариннің қазақ даласында мектеп ашу ісі зор ықылас, қажырлы еңбек, қайтпас жігермен, көп қиыншылықпен келді. Көшпелі халықтың тұрмысында тұрақты мектеп салу оңай емес еді. Патшалық Ресейдің отары болып, қаналып отырған қырғыз-қайсақтар (қазақтар) үшін оқудың маңызы тек сол орыс билігіне, шенеуніктеріне қызмет етіп, жергілікті халықпен арадағы тілмаштық, іс жүргізу қызметтерін жүргізу мақсатында ғана болған еді. Мұның алдында ...
Толығырақ »Кенжеғали Сағадиев – ғұлама, кемеңгер, мемлекетшіл
Қазақта оқымысты, ойшыл дейтін қасиетті ұғымдар бар. Көне тарихтың көмбесіне үңілсек, әл-Фарабиден басталатын зерделілер керуені бүгінгі замандастарымыздың көшіне ұласатыны мәлім. Бекет ата, Қожа Ахмет Йассауи, Бұхар жырау, Абай Құнанбаев дәстүрі бертін Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұхаметжан Тынышбаев, Міржақып Дулатовтардың парасаттылығы мен зиялық болмысымен лайықты жалғасын тапқаны ақиқат. Әңгіме осы тұрғыдан өрбігенде, қазақ ғұламаларының ортасынан өзінің орнын ойып тұрып алған кемел ...
Толығырақ »Ақпараттық қоғамның ұлттық моделі қандай болуы керек?
Күллі әлем бойынша технологиялық дамудың аса маңызды факторы – ақпарат болатынын әлеуметтанушы ғалым Даниел Белл 1973 жылы жарық көрген «Алдағы постиндустриалды қоғам» еңбегінде болжаған. Оның ізін жалғастырушы британдық әлеуметтанушы Фрэнк Уэбстердің «Ақпараттық қоғам теориясы» кітабы көп талқыланып, өз уақытында сынға да ұшырады. Соған қарамастан болжамдар дәл келген: технологиялар мен телекоммуникациялардың дамуына байланысты дәстүрлі һәм аграрлық кезеңнен кейін үш ғасыр үстемдік ...
Толығырақ »