40 мыңнан астам тұрғыны бар Арқалықта 2-ақ маршрут жүреді

Бұл қалада 2 жыл тұрғанбыз. Сондықтан мұндағы түйткілдерді аз білмейміз. Әсіресе, қаланың ең басты проблемаларының бірі — қоғамдық көлік.
Бүгін арқалықтық тұрғынның маған айтқан мына бір өтінішін Арқалық Қаласының Әкімдігінің есіне салмауға болмайтын секілді.
Ал енді құй сен, құй сенбе, 40 мыңнан асатын тұрғыны бар қалада 2-ақ (!) автобус жүреді екен. Оның өзінде ескі-құсқы болған соң жиі бұзыла беретін болса керек. Тұрғындар бір жерге бару үшін аялдамада бір сағаттан артық уақыт тұруға мәжбүр. Аязды күндері тіпті қиын дейді. Оның өзінде үлгерсең жақсы. Әйтпесе таксимен жүресің. Ал мұндайды қалт-құлт етіп отырған қарапайым тұрғындардың қалтасы көтермейтіні айдан анық.
Егер қоғамдық көлік санын көбейте алмаса, қала басшылығы әр тұрғынды арқалап жүрсін.)
Мәжіліс депутаты Берік Әбдіғалиұлы алдағы аптада Арқалық өңіріне сапармен барамын деп жазып еді. Мұндағы проблемаларды жақсы біледі. Осы проблеманы да көтереді деп ойлаймын.
Ғанибет ҒАЛЫМБЕКҰЛЫ, 
facebook-парақшасынан

Мынаны да қараңыз

«Арқалық әуежайына бөлінген қаржы қайда?»: Берік Бейсенғалиев Үкіметке депутаттық сауал жолдады

Арқалық қаласындағы жекенің қолына сатылып кеткен әуежай жұмысын қалпына келтіру үшін жергілікті бюджеттен 9,5 млн ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *