Қостанайда бір апта бұрын жоғалып кеткен әйелдің денесі өзеннен табылды

Қостанай қаласында бір апта бұрын жоғалып кеткен әйелдің денесі өзеннен табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.

Белгілі болғандай, қала тұрғыны 22 қыркүйекте полицияға арызданып, әйелінің жоғалып кеткені туралы айтқан.

29 қыркүйек күні таңғы сағат 8:25-те Үлкен көпір маңында әйел адамның денесі жатуы мүмкін деген хабар түсті. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы марқұмның 22 қыркүйекте жоғалып кеткен Қуаныш Бермұхамбетова екенін анықтады, — делінген облыстық ПД хабарламасында.

Аталған дерек бойынша полицейлер тергеу жұмысын бастады.

Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Мынаны да қараңыз

Өзбекстанға саяхат. Лайфхактар

Бірінші, әуелі құжаттарыңыздан бастайық. Шетелге шығу үшін құжатыңыз (құжаттарыңыз) (паспортыңыз, паспорттарыңыз) бар болар. Халыққа қызмет ...