Сел басқан аудандардан 53 мыңнан астам текше метр су сорылды

Қарасу ауданының Железнодорожное ауылындағы алты тұрғын үйден еріген қар суы сорылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сағат 17.30-да бөгет маңында өткізілген іс-шаралардың және Тімтуір өзеніндегі су деңгейінің төмендеуі нәтижесінде Целинная көшесінде ойпат жерде орналасқан екі пәтерлі алты үйден еріген қар суы сорылды.

Қазіргі уақытта үйлерде еріген қар суы жоқ. 53 мыңнан астам текше метр су сорылды, 400 дана инертті материал салынған қап төселді. Кейбір учаскелерде жертөлелерден су сору жұмыстары жалғасуда, — делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Су тасқынының салдарын жоюға жергілікті атқарушы органдар және ТЖД күштері мен құралдарынан 30 адам және 15 техника жұмылдырылды.

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...