Monthly Archives: наурыз 2023

Журналистерге Архимед Мұхамбетов тұрған резиденция көрсетілді (ФОТО, ВИДЕО)

Қостанай облысының экс-әкімі Архимед Мұхамбетов тұрған резиденция жергілікті журналистерге көрсетілді, деп хабарлады Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған tobyl-torgai.kz. Бұл резиденция психоневрологиялық патологиясы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған Оңалту орталығына берілгені белгілі болды. 31 наурызда қостанайлық журналистерге ғимараттың қандай екені, жоғары лауазымды тұлғалар тұрған жер көрсетілді. Бұл резиденция қаладан сегіз шақырым жерде орналасқан. Аумақта алты ғимарат, фельдшерлік пункт пен жеке қазандық ...

Толығырақ »

Қостанай іргесіндегі ауыл тұрғындары ауызсуға жарымай отыр

«Ауыз су – тіршілік көзі» деп бекер айтылмаса керек.  Сусыз адамның күні жоқ. Бүгінде түр­лі мем­лекет­тік бағдарлама  ар­қылы  біраз шаруа  оң ше­шіл­генімен, түйт­кілді мәселе­лер әлі де бар.  Мәселен, Қостанай  ауда­нына қарасты Озерное ауылының  тұрғындары әлі күнге дейін сусыз отырғандарына налиды.  Амалдары таусылған жергілікті тұрғындар біздің редакциямызға шағымданды, деп хабарлады tobyl-torgai.kz “Қостанай таңы” басылымына сілтеме жасап. Мен осы ауылда жиырма үш ...

Толығырақ »

Жангелдин ауданында 200 млн теңгеге салынған бөгетті су шайып кетті (ВИДЕО)

Қостанай облысы Жангелдин ауданында 200 миллион теңгеге салынған бөгетті су шайып кетті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  «Астана» телеарнасының мәліметінше, ауданға қарасты Шилі ауылындағы бөгет 2020 жылы салынған. Үш жылға шыдас бермеді. Шалғайдағы елді мекен тұрғындары ауызсусыз қалдық деп дабыл қағып отыр. Ауылдағы жалғыз құдықтың суы ащы. Оқи отырыңыз: Жангелдин ауданының Шилі ауылынан ши шықты Еске салайық, сапасыз бөгет салғандарға қатысты қылмыстық іс ...

Толығырақ »

Қостанай жемқорлық жиі тіркелетін өңірлер қатарында

Қазақстанда жыл басында сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау көрсеткіші артқан, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Finprom.kz сайтына сілтеме жасап. Биыл қаңтар-ақпанда елімізде 438 қылмыстық сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,7%-ға артық. Айта кетсек, өткен жылы (қаңтар, ақпан) 435 қылмыс тіркелді, жылдық өсім 8,5%. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар көбіне Алматы мен Астанада тіркеледі. Әр қалада 51 жағдай бойынша, тиісінше 2% және 6,3%. Сондай-ақ, жемқорлық ...

Толығырақ »

Торғайда еріген қар суы жолды басып қалды

Қостанай облысында «Торғай — Шилі — Аралкөл» тасжолының учаскесін еріген қар суы басып қалды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. 26 наурыз күні «Торғай — Шилі — Аралкөл» автожолы қозғалыс үшін жабылды. Жолдың 108-шақырымын еріген қар су басып қалды. Елді мекенге қауіп төніп тұрған жоқ, — деді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен. Бұл жерде полиция қызметкерлері, бір техника мен бір құтқарушы кезекшілік етіп жатыр.

Толығырақ »

Ахмет Байтұрсынұлы ауылын су шайып кетті (ВИДЕО)

Қостанай облысы Жангелдин ауданы Ахмет Байтұрсынұлы ауылына баратын жолды су шайып кетті. Қазір тұрғындар жайылған суды қайықпен кешіп жүр, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz «Хабар24» телеарнасына сілтеме жасап. Бұл — жолдың көршілес Ақкөл елді мекені ортасындағы бөлігі. Яғни Жыланшық өзенінің Ақкөл көліне құяр сағасы. Енді тұрғындар үйлеріне көлікпен жету үшін жолсыз даламен жүріп, 60 шақырым үлкен көлді айналып келуге мәжбүр. Ал тура ...

Толығырақ »

Қостанай облысында «Қайрақ» өткізу пункті арқылы әскери киім-кешектерді заңсыз әкетуге тырысқандар ұсталды

Қостанай  облысы  бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  мен ҰҚК Шекара қызметі бірлесіп «Газель» маркалы көлігін тоқтатады. Оның жүк бөлігінен әскери шлемдер мен тактикалық рюкзактар табылған, деп хабарлады tobyl-torgai.kz. Тасымалдау мұқаба тауарларын қолдана отырып жүзеге асырған, тауарларға ілеспе құжаттамада тауарлар туралы мәліметтер жоқ. Жүгі бар көлік өткізу пункті орналасқан жерде болады, тауарлардың қайдан алынғанын және әкетуге қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша шаралар ...

Толығырақ »

Әкемді құтқаратын едім… – 38 жыл еңбек өтілі бар елордалық дәрігер

Әрбір адамның туғаннан бастап есейгеніне дейін ең көп кездесетін дәрігері — педиатр. Оның өзге дәрігерлерден орны бір бөлек. Педиатр баланың физикалық және психикалық дамуын бақылап, өз жасына сәйкес дамып жатқандығын қадағалап, түрлі балалар ауруларының алдын алып, емдейді. Осы салаға 38 жылын арнаған Роза Өтегенова елордадағы №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында жұмыс істейді. Тәжірибелі дәрігер Elorda.info тілшісіне бұл мамандыққа қалай келгені туралы баяндап берген, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Толығырақ »

Биыл Қостанай Наурыз мейрамын қалай тойлайды?

  Еліміздің жер-жерінде Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурызды тойлау басталып та кетті. Түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Қостанай облысында да бірнеше танымдық іс-шара, түрлі байқаулар өткізіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен бүгінгі брифингте қалалық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Қайрат Қазез бен Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмінің басшысы Айсұлу Әубәкірова айтып берді, деп хабарлады tobyl-torgai.kz тілшісі.   Баспасөз мәслихатынан белгілі ...

Толығырақ »

Рудныйда әйелді баласымен бірге өртеп жіберген ер адам сотталмайтын болды

Рудныйда былтыр 16 наурыз 44 жастағы Миллер Геннадий көршісіне керосин құйып, өртеп жіберген, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz «ТоболИнфо» порталына сілтеме жасап.  Қылмыс жанжалдан туындаған. Өртенген әйелдің қолында 4 жасар баласы болған. Салдарынан бүлдіршіннің денесінің 40%-дан астамы күйсе, ал анасының қолдары күйген. Қылмыстық іске бір жылдан соң нүкте қойылды. Қостанай облыстық соты Геннадий Миллердің психологиялық ауытқуы бар деп танып, қылмыстық жауапкершіліктен босатты. Ол арнайы ...

Толығырақ »