12.04.2023

Федоров ауданында элеватор өртеніп кеткен (ВИДЕО)

Қостанай облысының Федоров ауданы орталығындағы ескі элеватор өртенді, деп хабарлайды «Хабар 24». 1929 жылы салынған нысан түс ауа отқа оранған. Алдымен айналасындағы қураған шөп жана бастаған. Сосын желдің екпінімен қызыл жалын ағаштан салынған астық кептіргішті шарпыған. Өрт болжам бойынша 1 080 шаршы метрді қамтыды. Жергілікті әкімдік өкілдерінің айтуынша, элеватор жұмыс істемейді, бос тұр және елді мекенге де қауіп төніп тұрған жоқ. ...

Толығырақ »

Торғай облысы жабылғаннан кейін бұрынғы аудандарда өмір сүру қиындап кетті — Берік Бейсенғалиев

Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев бүгін Үкіметке депутаттық сауал жолдап, 1997 жылы Торғай облысы жабылғаннан кейін жол бойында орналасқан бұрынғы аудандарда өмір сүру қиындап, көптеген тұрғын жұмыссыз қалғанын мәлім етті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  Бүгін Үкіметке «Орталық – Батыс» көлік дәлізін құру жобасы бойынша автожол салу және реконструкциялау мәселесін қозғап, депутаттық сауал жолдадық. Көлік дәлізін жобалауға 2016 жылы республикалық бюджеттен 3 миллиард ...

Толығырақ »